Алматыға бағыт алған Air Astana ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына қайта оралды
Бүгін, таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуекомпаниясының А 321 ұшағы Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралған.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті өзінің Telegram-каналында хабарлады. Комитеттің мәліметінше, техникалық ақауға байланысты әуе кемесі әуежайға қайта оралған. Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонған. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Комитет аталған факті бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігініңавиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетінін атап өтті.