Қытайда апатқа ұшыраған Boeing ұшағының барлық жолаушысы мен экипажы қаза тапқаны хабарланды

0

Қытайда апатқа ұшыраған Boeing 737-нің барлық 123 жолаушысы мен тоғыз экипаж мүшесі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Мамандар апатқа ұшыраған ұшақтың бортындағы 120 адамды ДНҚ арқылы анықтай алғаны хабарланды.

Еске салайық, China Eastern Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы 21 наурызда ҚХР Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырап, орманда өрт шыққан болатын. Азаматтық авиация басқармасы апатты растады, бортта 132 адам — 123 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған.

24 наурызда құтқарушылар апатқа ұшыраған Boeing-тің алғашқы қара жәшігін тапты.