Алматыдағы қоймадағы өрт сөндірілді — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда Түрксіб ауданында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 17:11-де сөндірілді.
«Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскі сағат 14:21–де түсті. Бұл жерде жекеменшік қоймалар орналасқан. Өрт шыққан қоймада қытайдың скутерлері, квадроцилдер мен мотоциклдер сақталған. Екіншісінде қағаздар болған. Бұлардың бәрі тез жанатын заттар. Қызыл жалын 1600 шаршы метр жерді шарпыды. Зардап шекендер жоқ. Келтірілген шығын есептелуде»,– деді Алматы қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров.
Бұған дейін, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, макулатура салынған қойма жанып жатыр деп жазған болатанбыз.
Қоймадағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды. «Қазавиаспас» кәсіпорнының МИ-171 және МИ-8 тікұшағы өрт ошағын сөндіру үшін әуе арқылы көмекке келді.
stan.kz