Алматыдағы өзге этностардың халықтар бірлігі күнін қалай атап өтетіні айтылды

0
13

Аналар кеңесінің төрайымы мерекеге арналған роликтер дайындалып жатқанын атап өтті. Видеода әр ұлттың асханасы көрсетіледі

АЛМАТЫ, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы қаласындағы аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Ниязова Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қандай шаралар өткізілетінін айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде этностар бірлігін көрсететін арнайы роликтер жарияланады.

«Бірінші мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Биыл осы мерекені жақындарымызбен, отбасымызбен өткізуге мүмкіндік туды. Жылда мереке қарсаңында ұлттық киімімізді киіп, өз өнерімізді көрсететін едік. Ал қазір технологияның дамыған заманында барлық этносты қашықтан құттықтауға мүмкіндігіміз бар. Әрине, мерекеге арналған роликтер дайындалып жатыр», – деді Ниязова.

Видеороликтерде әр ұлттың асханасы көрсетіледі.

«Видеода әр ұлттың асханасы көрсетіледі. Бастысы көктемгі көңіл күй жақсы болуы керек. Ол үшін бізде бәрі бар. Көк аспанның астында тату-тәтті тұрып жатырмыз», – деді ол.

Тоқаев: мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өтуге тура келеді

Сонымен қатар ол мереке қарсаңында бірнеше челлендж басталатынын мәлімдеді. Ол 1 мамырда әлеуметтік желіде жарияланады.

Брифингте Алматы қаласы «Барбанг» күрд қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев тоғызыншы мамыр қарсаңында қаладағы соғыс ардагерлері мен жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілетінін айтты.



sputniknews.kz