Алматыдағы өзеннен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

0

Алматыда екінші күні қала шетіндегі өзенде өлі  табылған сәбидің анасы іздестірілуде. Сөмкеге оралған баланы жергілікті тұрғындар тапты. Қазір полиция перзентханалар мен медициналық мекемелердің қызметкерлерінен пікір алуда.

Пакетті жергілікті тұрғынның иті иіскеп тапқан. Куәгерлер денесі бірнеше күн бойы өзенде жатыр деп сендіреді. Жергілікті тұрғындар нәрестенің анасы туралы ештеңе білмейді.

Нәрестенің өлімі бойынша тергеу басталды.

«Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Өлім себебін анықтау бойынша сараптама тағайындалды»,-деді Алматы ПД баспасөз қызметі бастығының орынбасары Еркін Өтегенов.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz