Алматыдағы карантин: 758 адам медициналық мекемеге жіберілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған 798 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, басқа да адамдар іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматыдағы коммуникациялық қызметінде қалада карантин енгізу бойынша өткен брифингте полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.

«Қазіргі таңда департаменот тарапынан коронавирустың алдын алу және оның таралуына ртосқауыл болуға бағытталған шаралар жалғасын табуда. Басқа да мемлекеттер мен органдармен бірлесе отырып, инфекцияға душар болған азаматтарға қатысты тұлғаларды іздестіріліп жатыр. Бүгінгі таңда осындай 798 адам анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді», — деді Қанат Таймерденов. 

Сонымен қатар, ол қалада 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізілетінін еске салды.

«Басты мақсат — қаланың сыртқы аумағын бақылап және қаланың ішіндегі карантин режимін қатаң қадағалау арқылы инфекцияның таралуына тоқтату. Алматының шекараларында автокөліктердің кіру-шығуына шектеу қойылады. Оған байланысты қаланың кіреберісінде және 10 магистральды 21 блок-пост қойылады. Ол жерге күнделікті полиция қызметкерлері мен қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады», — деді қаланың полиция департаментінің басшысы.

Оның айтуынша, полиция департаментінде азаматтардың кез келген сұрағына шұғыл жауап беру үшін полиция департаментінде колл-цент болады. Азаматтар 254-40-07 нөміріне хабарласа алады.

Қанат Таймерденов ішкі істер тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

stan.kz