Алматыдағы атыста қаза тапқан бесінші адамның кім екені белгілі болды
Брифинг барысында Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов 20 қыркүйекте “Ақбұлақ” ықшамауданында болған атысқа қатысты бірқатар жаңа мәліметті жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Генералдың айтуынша, қайғылы жағдайға қатысты “Кісі өлтіру” және “Билік өкіліне шабуыл жасау” баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. “Бұл факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, ведомствоаралық тергеу тобы құрылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қару тәркіленді”, – дейді ол.
Құзырлы орган басшысы оқиға орнында қоршау әлі алынбағанын да атап өтті. Белгілі болғандай, қару оқ жаудырған азаматтың атына тіркелген. Қанша рет оқ атылғанын тергеу анықтайтын болады. Учаскелік инспекторларда қызметтік қару болған, бірақ олар қаруды қолданбаған. Таймерденовтің сөзіне сенсек, учаскелік инспекторлардың бірі жақында ғана қызметіне кіріскен. Академияны бітіргеніне көп бола қоймаған азаматтың артында бес баласы қалған.
Қайтыс болған учаскелік инспекторлар көпшіліктің алғысын алып, қызметі үшін талай марапатталған өз ісінің нағыз мамандары болғаны атап өтілді. Ал атыстан қаза тапқан бесінші адам үйдің жаңа иесінің досы болып шыққан. Ол үйді босату кезінде куәгер ретінде досымен бірге келген.