Арман мен Аша ажыраса ма?

0

«Алматы» арнасының Paparazzi бағдарламасында Арман мен Аша жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы жылы Аша мен Арманға қатысты әртүрлі қауесеттер тарауда. Бір жылдан бері осы сауалға БАҚ өкілдері жауап ала алмауда.

Ашаның парақшасына оқырмандар әртүрлі пікір жазады екен. Миллиондаған аудиторияның иесі Аша ондай пікірлерге назар аудармайтынын, етінің үйреніп кеткенін айтады. Ал, соңғы кездері төркінінен жиі фото, видео салатындығын және өз отбасын, ата-енесін көрсетпей кеткеніне таң қалған жұртқа былай деп жауап берді:

«Біз барлығын Instagram желісіне салуға міндетті емеспіз деп ойлаймын. Кадрдан тыс өмір, сөз, көз деген бар. Біз отбасымызды одан аулақ ұстағымыз келеді», – дейді Аша.

Сол сияқты Арман да отбасын елдің сөзі мен көзінен қорғағысы келетінін айтты.

«Жеке өмір туралы сұрақ көп қойылады. Мен оған жауап бергім келмейді. Өйткені уақыт келген жоқ, түрлі жағдайлар бар. Бұл – жеке өмірім. Бірақ жалпы барлығы жақсы, Аллаға шүкір», — деді Арман Қоңырбаев.

«Алматы» арнасының Paparazzi бағдарламасында Арман мен Аша жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.Соңғы жылы Аша мен Арманға қатысты әртүрлі қауесеттер тарауда. Бір жылдан бері осы сауалға БАҚ өкілдері жауап ала алмауда.

Ашаның парақшасына оқырмандар әртүрлі пікір жазады екен. Миллиондаған аудиторияның иесі Аша ондай пікірлерге назар аудармайтынын, етінің үйреніп кеткенін айтады. Ал, соңғы кездері төркінінен жиі фото, видео салатындығын және өз отбасын, ата-енесін көрсетпей кеткеніне таң қалған жұртқа былай деп жауап берді:»Біз барлығын Instagram желісіне салуға міндетті емеспіз деп ойлаймын. Кадрдан тыс өмір, сөз, көз деген бар. Біз отбасымызды одан аулақ ұстағымыз келеді», – дейді Аша.Сол сияқты Арман да отбасын елдің сөзі мен көзінен қорғағысы келетінін айтты.»Жеке өмір туралы сұрақ көп қойылады. Мен оған жауап бергім келмейді. Өйткені уақыт келген жоқ, түрлі жағдайлар бар. Бұл – жеке өмірім. Бірақ жалпы барлығы жақсы, Аллаға шүкір», — деді Арман Қоңырбаев.