Алматыдағы атышулы генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға елдің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің басшысы тағайындалды.

«Президент әкімшілігі және облыс әкімімен келісіліп, Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Серік Күдебаев тағайындалды», — деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымханов кадрлық резервке енгізілді. Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Серік Күдебаев кім?

Серік Күдебаев 1965 жылы туған. 1990 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді.

2009-2013 жылдар аралығында Алматы облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, департамент басшысы қызметін атқарды.


©
Sputnik / Сергей Ким

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы полиция департаментін басқарды.



sputniknews.kz