Алматыдағы атыс: Бізде қылмыстық топтар бар ма? (ВИДЕО)
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жетінші наурыз күні Алматыда болған атыс туралы таралған қауесеттерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
https://www.instagram.com/p/Bu2lgsUgdI7/?utm_source=ig_embed
Журналистер министрден атысқа екі қылмыстық топ қатысты деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.
Тұрғымбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бізде қылмыстық топтар жоқ десе болады. Онда (авт. — Алматыда) жас жігіттердің қақтығысы орын алды. Төрт адам тұтқындалды, тағы алты адам іздестіріліп жатыр. Онға жуық жігіт қатысқан.
Олардың барлығының тұлғасы анықталды. Қақтығыстың себебі де белгілі. Тергеу нәтижелерінің қорытындыларын кейінірек береміз», — деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ Тұрғымбаев тергеу жүргізіліп жатқандықтан қарулы қақтығыстың себептері мен күдіктілердің аты-жөндерін айта алмайтынын хабарлады.
Еске сала кетейік, жетінші наурыз күні Алматыдағы «Rahat Palace» қонақ үйінің жанында белгісіз біреулер атысып, күдіктілер ұсталған болатын.