Алматыдағы айырбастау пунктері енді 6 сағат қана жұмыс істейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Елімізде енгізілген төтенше жағдайларға байланысты айырбастау пунктері күніне 6 сағат істейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пункт

«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында Алматы аумағында карантин және төтенше жағдай  кезеңінде Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб төтенше жағдай режимінің әрекет ету уақытында қалада уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысын Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша 10:00-ден 16:00-ге дейін уақытша шектеуге шешім қабылдады. 

Бұл шаралар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.

stan.kz