Алматыда жол үстінде жанжалдасқан жүргізушілердің бірі оқ атты (видео)

0

Алматыда жол үстінде сөзге келісіп қалған жүргізілердің бірі тапаншамен оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 293-ші «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған.

«Тәртіп сақшылары 1983 жылы туған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқанын анықтады. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болады», — делінген ресми хабарламада.

Тергеу амалдарын Алмалы ауданының полиция басқармасының полицейлері жүргізуде.

 

stan.kz