Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

Қысқа сілтеме алу
Студентті іздеу жұмыстарының аяқталғанын волонтерлер хабарлады. Кейін мәліметті полиция департаменті растады
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. 19 жастағы Ілияс Егізбаевты іздеу жұмыстары 19 мамырда басталған болатын. Оның денесі Алматыдағы таулы аймақта табылды, деп хабарлады полиция департаменті.
Жігітті іздеу жұмыстарының аяқталғанын волонтерлер хабарлады. Кейін мәліметті полиция растады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
19 жастағы Ілияс Егізбаевты іздеу жұмыстары 19 мамырда басталған болатын. Ол осы күні үйінен шығып, оралмады. Жігіт жақындарына серуендеуге баратынын айтқан.
Тағы оқыңыз: Маңғыстаудағы ауылда жаңа туған сәбидің денесі табылды
Ілияс Егізбаев Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолтаңбалы өнер колледжінің соңғы курсында оқыды. Бұған дейін үйінен кетпеген, жақындарымен де ұрыс-керіс болмаған.
sputniknews.kz