Алматыда жоғалып кеткен отбасы табылды
Отбасы туыстарымен байланысқа шықты, олардың жағдайы жақсы
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Алматыда бір күн бұрын жоғалып кеткен отбасы табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inAlmaty.kz.
Тағы оқыңыз: Өскеменде күйеу жігіт үйлену тойына үш күн қалғанда ізім-ғайым жоғалып кетті
Ведомствоның мәліметінше, жоғалған отбасының жағдайы жақсы.
«Отбасы туыстарымен байланысқа шықты. Олардың жағдайы жақсы. Кейінірек толық ақпарат береміз», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ерлі-зайыпты – Андрей және Наталья Чурилиндердің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Олардың кәмелетке толмаған үш баласы өздерімен бірге болған.
Айта кетерлігі, отбасының барлық мүшесі мылқау, бір-бірімен тек ым арқылы сөйлеседі.
sputniknews.kz