Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, 2 адам қаза тапты

0

Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты бүгін түскі сағат 12:00 шамасында Абай саяжайындағы Наурызбай аумағында болды.

«ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Карьерная көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Нәтижиесінде КамАЗ көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-211440 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның 2002 жылы туған жолаушысы ауруханаға барар жолда қайтыс болды»,- деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚРҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді.