Алматыда ТЖ кезінде заңсыз казино ойындарын ұйымдастырғандар әшкере болды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде ТЖ режимі кезінде жұмыс істеп келген казино анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Полицейлер мен комитет қызметкерлері бірігіп жүргізген рейд барысында Алматы қаласында 4 мамыр күні жасырын казино ойындарын ұйымдастырғандар әшкере болған.
«Нұрлы Тау» тұғын үй кешенінде заңбұзушылыққа жол беріп, ТЖ кезінде казино ұйымдастырғандар анықталды. Тінту жұмыстары кезінде ойыншылар мен казино қызметкерлері ұсталды. Заттай дәйек ретінде фишкалар, ойын карталары мен ақша тәркіленді» , — делінген ресми хабарламада.
Ең қызығы, бұл казиноға тек тұрақты клиенттерді кіргізу жүйесі орнатылған. Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты ҚК 307 бабы бойынша іс қозғалыпты.
Айта кетерлік жайт, «Ойын бизнесі туралы» заңда көрсетілгендей казино мен ойын автоматтарын ұйымдастыруға Алматы облысы Қапшағай суқоймасының маңы мен Ақмола облысы Щучинск ауданында ғана рұқсат берілген.
stan.kz