Алматыда тікұшақ құлады
Алматыдағы «Алатау» шипажайының маңына тікұшақ құлап, пилот қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған Tengrinews ақпарат агенттігі хабарлады.
Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, Sky Service әуе компаниясының Eurocopter-130 тікұшағы 17 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша кешкі сағат төртте құлаған.
Тікұшақ Боралдайдан Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан. 1986 жылы туған пилот жедел жәрдем каретасында көз жұмған.
Дереккөз: Азаттық