Ежелгі қазақ әдебиеті

0
313



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып

К І Р І С П Е С Ө З

Құрметті әріптес!

Ұсынылып отырған 8 сыныпқа арналған қазақ әдебиетінен күнделікті сабақ жоспары сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы негізінде құрылған. Ойткені мұғалім осы технология толық меңгерген.(1жылдық курс өтілген) сертификаты алынған.
Біріншіден, бұл ұсынылып отырған жоспар жас маманға әдістемелік көмек құралы ретінде ұсынылып отыр. Сондықтан жоспар жоба ретінде беріліп отыр.Әр мектептің,әр сыныптың қазақ әдебиеті мұғалімі өзінің сынып оқушыларына,олардың білім, дайындық деңгейіне қарап,толықтыруы қажет,өзінің қолында бар көрнекілік құралдарымен, жабдықтарын қосуы керек.
Екіншіден,сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы оқушылардың өз бетімен жұмыс ісчтеулеріне,ізденулеріне,шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамытуға,топпен, жұппен, ұжымдық жұмысістеуді көздейді.Сабақта мұғалім оқушыларға бағыт беріп,әр топтың жұмысын қорытындылап отырады. Яғни,білім мазмұнын жаңарту уақыт талабына сәйкес – сабақ ұйымдастыру менеджері рөлін атқаруы тиісті.
Үшіншіден, сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясының бір ұтымды жері: оқушыларға үй тапсырмасын беруді қажет етпейді, себебі бүкіл сабақ тақырыбын олар сабақ барысынды толық меңгеріп алатын мүмкіншілігі бар,тіпті тапсырма берілсе де оның мөлшері шағындап,оқушылардың денсаулығын сақтау технологиясының орындалуын талап етеді.
Төртіншіден,сабақ барысында 3 (үш) топқа бөлініп отырған себебі – ауыл мектептерінде оқушылардың саны аз болады,әр сыныпта ең көп деген де 18-22 оқушыдан болуы мүмкі сондықтан, бір топта 7-8 оқушы болуы көзделіп отыр.
Бесіншіден, тоқсандық, ж/жылдық, жылдық бақылау жұмыстарына арналған сабақ тар
дәстүрден тыс ойын,сайыс сабақтар ретінде өткізіліп отыр,сонымен қатар тест салаулары беріліп отыр. Тест салауларының ашық және жабық түрлері ұсынылып отыр.
Топпен жұмыс істегенде, топ басшысы – спикер (немесе капитан, командир) сайлануы қажет.
Өйткені спикер топ жұмысын тексеріп,бақылап,әр оқушының топ жұмысына қосқан үлесін қадағалап, баға беріп отырады. Сабақ барысындағы бағалау сәтінде мұғалім спикердің пікірін біліп алып, өз бағасын түсүніктеме беріп қоюы керек.
Сын тұрғысынан оқу және жазу технологиясы оқушыларға алдын ала тапсырма беру әдістемелік жұмысің бір түрі.
Бұл жұмыс тірі оқушылардың ізденушілік,зерттеушілік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады, сондықтан осы жұмыс түрін қазақ әдебиет сабағында жиі қолданған пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі.
Олай болса,құрметті жас әріптес, жұмысыңызға шығармашылық табыс, әр сабағыз қызықты болуына, әр сабақтарыңыздан ризашылық алуына тілектесбіз.
Қадамыңыз құтты да сәтті болсын!

Ізгі тілекпен әрітесіңіз.

С А Б А Қ № 1

Тақырып : Кіріспе.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің байланысы. Лиро-эпостық жырлар.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік : оқушылардың 7 сыныпта өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу,
қалыптастыру, кеңейту,жан-жақты жетілдіру,бекіту; ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиетінің байланыс және айырмашылық жолдарын қөрсету, қазақ әдебиеті
тарихы бойынша білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін
кеңейту,логикалық ойлау,есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін мәтінмен
жұмыс істеу арқылы дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің шығармаларын мақтан
тұтуға,әдептілікке,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: өткен тақырыптарға сүйене отырып, жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: ынталандыру әдісі,сұрақ-жауап,әңгімелеу,мәтін,қосымша әдебиетпен жұмыс.
Оқыту формалары: жеке,жұппен,өздік,топпен жұмыс,тірек сызбалар жасау.
Сабақтың көрнекілігі мен
техникалық жабдықтары: қазақ халқының ауыз әдебиетінің шығармалары бойынша кітап
көрмесі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып кезекшісімен әңгімелесу, оқушыларды түгендеу, сабақ
тақырыбы мен мақсатын айту.
I.Сабаққа қызығушылық туғызу. Ой қозғау (побуждение).
1. Ауыз әдебиеті дегенде ойымызға қандай ассоциация келеді ? Ассоциация сызбасын сызу – 1
топ.
2.Ауыз әдебиетінің түрлері мен жанрларын кластер арқылы көрсету – 2 топ.

Мұғалім: сонымен,балалар,ауыз әдебиеті ежелден кележатқан әдебиет,ұрпақтан-ұрпаққа ауызша
таралған. Сонымен қатар оның өз жанры болған және ол екі түрге бөлінген:
1)ауызша ; 2) жазбаша.
Ал енді осы екі түрдің байланысы мен айырмашылығы қандай екенін мәтінмен танысу арқылы білеміз.

II. Мәнін түсіну (ұғу) – осмысление.
1. Өздік жұмыс – мәтінмен танысу. Оқулық бойынша 3-4 бет. Кіріспе атты мәтінді өзара оқып
шығу. Жаңа сөздерді тауып,мазмұнын ашу, сөздіктерге жазу. Мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Жұппен жұмыс: партада отырған 2 оқушы бір-біріне мәтін бойынша 3-4 сұрақ қою арқылы
мәтіннің мазмұнын түсінгенін анықтайды.

Мұғалім: ал ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы неде? Ауыз әдебиеті – көп
нұсқалы,жазба әдебиеті авторы болғандықтан бір ғана нұсқалы болады.

III. Балардың ой-пікірлерін тыңдау, бағалау – рефлексия .
1. Венн диаграмасы бойынша оқушылар 4 беттегі 2-ші сұраққа жауап береді – 1 топ.
2. Көркем бейне, ауыз әдебиет,жазба әдебиет терминдеріне түсінік беру – 2 топ.

Мұғалім: балалар, бүгінгі сабағымызыдың тәрбиелік мәні қандай деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма: Шындыққа айналған арман – қиялдар деген тақырыпқа шағын шығарма жазып келу.
1топ –Баян батыр туралы баяндама жазып, деректі,материалдар дайындап келулері керек
2 топ– Қозы Көрпеш – Баян сұлу туралы мәліметтер жиып шағын жоба дайындап әкелулері керек
Мұғалім: сабақты қорытындап оқушылармен қоштасады.

С А Б А Қ № 2

Тақырып: Лиро-эпостық жырлар.

Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды лиро-эпостық шығармаларымен таныстыру, эпос, лиро-эпос
деген түсініктермен таныстыру,сөздік қорын байыту.
2.Дамытушылық: әңгімелесу,салыстыру,жалпылау әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың
ойлау қабілеттерін,тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: қазақ әдебиетінің лиро-эпостық шығармаларын білу,мақтан ету,оқушылар
арасындаға адамгершілік, сыйластық, қызбен жігіт арасындағы қарым-
қатынасты тәрбиелеу .
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдістері: баяндама тыңдау, әдеби жоба қоғау, әңгімелесу,сұрақ-жауап,мәтінмен,көрнекілікпен жұмыс
Оқыту формалары: жеке,топпен,өздік,тірек сызбалар жасау, т.б.
Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер,теледидар,бейнематериалдар,кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, сурет,орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,сынып кезекшілерімен тіл дамыту жұмысы, сабақтың тақырыбы
мен мақсатын айту.

I. Сабаққа қызығушылық туғызу (ұғу) – побуждение.
1. Бес жол өлең Махаббат деген сөз бойынша – 1 топ
Ғашық деген сөз бойынша – 2 топ өлең шығарады.
2. Автор орындығы: оқушылар осы аталған сөздер бойынша шығарған бес жол өлеңдерін
оқиды.
Мұғалім: балалар, қалай ойлайсыңдар бүгін біз сабақта не туралы айтамыз? Иә.
Махаббат,ғашықтар,олардың тағдырлары туралы ,осы екі тақырыпқа арналған
шығармалармен танысамыз және олар қандай жанрға жататынын ажыратамыз.

II. Мәнін түсіну (ұғу) – осмысление.
1-ші оқушылар тобы алдын-ала берілген Баян батыр туралы тапсырма бойынша әңгімелейді.
2 –ші топ – Қозы Көрпеш-Баян сұлу туралы дайындаған әдеби жобасын ортаға салады.
(қосымша бейнематериалдар,кітап көрмесі бойынша әңгімелеп кету қажет)
Мұғалім: ал,балалар,қалай ойлайсыңдар осы шығармалардың бүгінгі сабақтың тақырыбына
қандай катысы бар? Оны сендер оқулықтағы мәтінмен танысқасын айта аласыңдар.
Ендеше оқулықтарыңды 5-ші бетте ашып, мәтінді іштей өзара оқып шығыңдар. Жаңа
түсінбейтін сөздер болса,сөздіктерге жазып алыңдар, сосын мәтінмен жұмыс істеу
барысында біз оларды түсіндіреміз.
Сұрақ-жауап:
1.Лиро-эпостық жырларға қандай шығармалар жатады? Неге оларды лиро-эпостық дейміз? – 1 топ
2.Лиро-эпостық жырлардың эпостық жырларынан айырмашылығы қандай? – 2-ші топ.
3. Оқулықтан зерттеушілер мен әдебиетшілердің осы лиро-эпостық шығармалар туралы айтқан
пікірлерін тауып оқып,түсіндіріп беріңдер – 3-ші топ.

III. Балалрдың ой-пікірлерін білу, анықтау – рефлексия.
1. Инсерт стратегисы бойынша сабақта алған білімдерің көрсету.

бұрыннан білемін
бүгін сабақта білдім
білгім келеді

Үйге тапсырма: 1-ші топ Қыз Жібек жыры туралы мәліметтер жиып әкелуі керек (7-8, 8-27бет)
2-ші топ – Сырлыбай мен Базарбай туралы мәлімдемелер дайындап келуі керек.
3-ші топ – Қыз Жібек пен Төлеген туралы шағын баяндама жасауы керек .
С А Б А Қ № 3.

Тақырып: Қыз Жібек жырының жалпы мазмұны . (Үзіндісі)

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша білімдерін толықтыру, жеке ізденіш жұмыстар арқылы өз білімдерін жетілдіру, эпостың мазмұнымен танысу,оның идеясын ашу;
2.Дамытушылық: ауызша,жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыта отырып,мәтінді мазмұндауға,өз пікірілерін айта білуге үйрету;
3.Тәрбиелік: эпостың кейіпкерлерінен үлгі алуға тәрбиелеу, қазақ халқының ауыз әдебиетін мақтан тұтуға баулу
Сабақтың типі: аралас, жаңа тақырыппен танысу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,рольге бқліп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Қыз Жібек эпосы, эпос бойынша иллюстрацияляляр, Қыз жібек
фильмінен көрініс таспа арқылы.
Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы, орыс әдебиеті, ҚР жәграпиясы.
Сабақтың барасы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.

I. Сабаққа қызығушылық туғызу – побуждение
Үй тапсырмасы бойынша әңгімелесу: Джексу – 1 стратегисы арқалы
I топ ( бір-бір оқушы I-ші топтан 2,3 топ оқушыларына барып Қыз Жібек эпосы туралы жинап
алған мәліметтерімен таныстырады);
II топ оқушылары кезекпен шығып Сырлыбай мен Базарбай туралы әңгімелеп береді, сипаттама
береді.Венн диаграмасы арқылы салыстыру өткізеді.
III топ оқушылары кезектесіп Жібек пен Төлегенге сипаттама береді ( бейне таспадан фильмнен
көрініс көрсетіледі)
II. Сабақ тақырыбының мәнін түсіну – осмысление.
1. Сөздік жұмыс жалпылама бәр оқушымен.
I топ оқушылары – 1-6 сұрақтар бойынша мәтінмен жұмыс істейді, жоба жасайды
II топ оқушылары 6 -12 сұрақтар бойынша мәтінмен жұмыс істейді, жоба жасайды
III топ оқушылары 14,15 сұрақтар бойынша жұмыс жасайды.

III. Балалардың ой-пікірін білу, анықтау – рефлексия.
1,2 топ оқушылары өздері жасаған жобалары бойынша түсініп,білгендерін ортаға салады.
3-ші топ оқушылары Айтарым бар теледидар бағдарламасы үлгісі бойынша Жібек пен Төлеген қарым-қатынастары туралы айтып,қазіргі замандағы қыз тәрбиесі туралы,жігітердің жақсы – жаман қасиеттері туралы өз ойларын айтады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: мәтін бойынша Қыз Жібек пен Төлегеннің бейнесіне мінездеме дайындап
келу.

С А Б А Қ № 4

Тақырып: Қыз Жібек жыры. (Үзінді).Мазмұндамаға дайындық

Сабақ тың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту,өткен тақырыпты қайталай отырып, Қыз
Жібек туралы жыры бойынша алған білімдерін тексеру,өз ойларын тиянақты
жеткізе білуге баулу;
2.Дамытушылық:қазақтың асыл мұрасына жататын жырдың тілдік ерекшілерімен таныса
отырып, балаларды дұрыс сөйлегу үйрету,сөз қорын молайту,өз ойларын
көркем әдебиет сөздермен айтуға дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын сыйлауға,бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас, оқушылардың білімдерін жүйелеу, қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,мәнерлеп оқу,топпен
жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Қыз Жібек киносынан тасапа бойынша үзінді көрсету, бас
кейіпкерлердің бейнесі, суретшілердің осы жыр бойынша салған
суреттері
Пәнаралық байланысы: қазақ тілі,тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

I.Сабаққа қызығушылық туғызу – побуждение. Бес жол өлең стратегиясы ( 5 минутта)
1 топ – махаббат туралы бес жол өлең жазады
2 топ – достық туралы бес жол өлең жазады

II. Сабақ тақырыбының мәнін түсіну – осмысление.
1.Қыз Жібек жырын рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Қалған оқушылар мазмұндама
дайындық ретінде Дневник двойной записи деген стратегия бойынша тірек сөздер мен
қысқаша сөйлемдер жазып отырады.
2. 2-3 оқушы тірек сөздер мен сөйлемдерді пайдаланып, түсінгендері туралы ауызша
мазмұндап береді.
3. Қыз Жібек жыры мәтіні бойынша шағын жоспар құрастырады.
4. Жоспар сұрақтарына сәйкес мәтіннің мазмұнын айтады.
5.Сабақта пайдаланған көрнеклік құралдар бойынша әңгімелесу.

III. Балардың ой-пікірлерін білу,анықтау – рефлексия.
1.Қазіргі заманда жігіт пен қыздың арасында Төлеген мен Жібектің махаббатындай
махаббат бар ма?
2.Баяғы заманда ұл бала мен қызды кішкентайынан айттырып,құда түсіп қойған салт-дәстүр қазіргі заманда керек пе? деген сұрақтар бойынша пікір алысу.

Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу, мазмұндама жазуға дайындалу.

С А Б А Қ № 5

Тақырып: Мазмұндама Қыз Жібек жыры туралы. ( қысқы мазмұндама)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың Қыз Жібек жыры туралы білмдерін бақылау,білм деңгейін
тексеру;
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық
жұмыстарда қолдануға,ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі
түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға,есте
сақтауға,бағыттау,оқушының зейінін,ойын дамытуға,оқушының іс-әрекетке
ұйымдастыру.

Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
II. Мазмұндама жаздыруда мұғалім нені ескеру керек?
1. Оқушының білім деңгейін;
2. Дағдысын
3. Жас ерекшілігін
4.Оқушыны неге үйрету
5.Мазмұндама түрін ( негізінде мазмұндаманың 5 түрі бар:бақылау мазмұндама,үйрету
мазмұндама,қысқа мазмұндама,тапсырмасы бар мазмұндама,таңдамалы мазмұндама))
6. Қазақ тілді мектептер мен орыс мектептерінде мазмұндама талаптары екі түрлі екенін
ескеру керек)
III. Кірспе әңгіме: мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді,мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды, өйткені кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.
IV. Мәтінмен танысу, мәтін бойынша жұмыстар:
Мәтінді асықпай,жағымды дауыспен,салмақпен оқу керек. Түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлерге жаздырады,кейбір қиын,жаңа сөздерді тақтаға жазып қояды.Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп бірінші бағанаға жазады,екінші бағанаға етістіктерді жазады. Содан кейін оқушылар бірінші мен екінші бағаналардағы сөздермен сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін тексеруі қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе мұғалім түсіндіруі керек. Мұғалім өзі түсіндірмей тек сұрақ арқылы оқушыларды мітінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: – Мәтінде не туралы айтылған?
Басты кейіпкерлері кімдер? деген тсияқты сұрақтар арқылы іске асады.

3.Жоспар құрастыру. Осы жерде оқушылар орыс мектепте оқитын болғандықтан М.М.Жанпейісованың Мәтін бөліктері ойынын өткізуге болады.Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Әр топ мәтіннің белгілі бөлігін табады.
Мысалы: I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды бөлім
IV.Толықтыру. 4.Мұғалім мәтінді екінші рет оқиды,не өте жақсы оқитын оқушыға оқытады.Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгілетеді.
5.Тілдік тапсырмалармен байланыстырады.Ол үшін тірек сөздерді қолдану,сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т.б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.
6.Дұрыс жазу.Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушыларға ескерту керек.
7.Үндестік заңын ескерту.
* Қосымша материал. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді,нақыл сөздерді,өлең шумақтарын қолдануға болады. Бұл мазмұндаманы бастауға нмесе өз ойларын қорытындауға,дәлелдеуге,жалпы тақырыпты ашуға көмектеседі.
8.Мазмұндама жазу.

Осы тақырып бойынша жазған 8 сынып оқушысының мазмұндамасын үлгі ретінде ұсынып отырмын.

Мазмұндама
Қыз Жібек лиро-эпостық жыры
(қысқа мазмұндама)

Жоспар:
1.Қыз Жібек лиро-эпостық жырының шығу тарихы.
2. Қыз Жібек лиро-эпостық жыры:
а) жырдың бас кейіпкерлері
б) екі жастың бақытсыз тағдырының себебі
в) жырдың тілдік ерекшілігі
3.Қыз Жібек жырның қазақ әдебиетіндегі орны.

Қыз Жібек жыры көп заманнан бері ел аузында сақталып келе жатқан қазақ халқының ғашықтық жырларының ішіндегі ең бір көлемдісі әрі мазмұны жағынан тартымдысы.
Қыз Жібек жыры өмірдегі шын оқиғадан туған,дәл уақытын айту қиындау. Ғалымдардың айтуынша,XVII ғасырда туғанға ұқсайды.
Жырдың негізгі кейіпкерлері Төлеген мен Жібек – бір-бірін шын сүйген ғашықтар, Бекежан,Төлегеннің әкесі-Базарбай,Жібектің әкесі-Сырлыбай,Төлегеннің інісі-Сансызбай,Қаршыға т.б.
Төлеген – Базарбай деген байдың кіші әйелінен туған ұл. Төлеген он екі жасқа келгенше қыз іздемейді. Он алты жасқа келгенде өзіне жар іздейді,бірақ көп қыздардың ішінде ешбір қызды ұнатпайдаы. Бір күне Төлегенннің ауылына бір саудагер келеді.Ол Төлегеннің қыз іздеп жүргенін біліп,оған сұлу қыз тауып бере алатындығын айтады.Төлеген сол қызды іздеп табуға аттанады.
Жібек Сырлыбай байдың жалғыз қызы болған. Жібектің сұлулуғын сөзбен айтып жеткізе алмайтын керім сұлу болған. Жібек тәкапар қыз мінез көрсетеді, Төлегенді сөзбен қағытады.Көп ұзамай, сұлу Жібектің өзі махаббаттың тұтқыны болады.
Екі жастың бақытсыз тағдырына себеп –Төлегеннің әкесі Базарбайдың теріс бата беру және Жібекке ғашық болған Бекежанның Төлегенге жасаған қасытғы болады.
Қыз Жібек жырының тілі бай, суреттелген оқиғасы тыңдаусын қызықтырып отырады.Жырдың қоштасу,естірту,жоқтау,арыздастыру сияқты тұрмыс-салтжарларының үлгілері жырдың лирикалық қуатын күшейтіп отыр.
Қыз Жібек жыры қазақ халқының ауыз әдебиетінде лиро-эпостық жырларының ішіндегі ең көрікті де тартымды. Жастарды тәрбиелеу мәселесі мен қыз бен жігіт арасындағы қарым –қатынас мәселесін шу жағынан үлгілі шығарма деуге болады.
Жырда ғашықтардың сезімі,сағынышы да, Бекежанның зұлымдылығы да шебер суреттеледі. Осы жыр бойынша жазушы Ғ.Мүсірепов сценарий жазып, кинофильм түсірілді.

С А Б А Қ № 6

Тақырып: Жүсіп Баласағұн Құдатғу білік

Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, Құдатғу білік атты дидактикалық поэмасымен таныстыру, бұл поэманың саясат,мемлекет басқару,әскери-іс жөніндегі философиялық трактат екндігін дәлелдеу;
2.Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдыларын, бұл шығарма тарихи кезеңінің мінез-құлқын бойына сігірген,қоғамдық-саяси,әлеуметтік бітімі қанық,моральдық-этикадық,рухани қазынамыздың негізі жқнінде ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
3.Тәрбиелік: адамгершілікке,өз елін сүюге, қазақстандық патриот сезімін оқушылардың бойына сіңірту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту
Сабақта қолданатын әдәс-тәсілдер: сұрақ-жауап,іздендіру, ой қорыту,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану.
Көрнекілік құралдар: Жүсіп Баласағүн суреті.

Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
II.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балар бүгін сабақта біз Ж.Баласағұнның өмірі мен шығармашылығы туралы сөйлесеміз.
Сендердің алдарыңда осы ақын туралы оқулықта берілмеген мағұлұматтар көрсетілген мәтін жатыр. Осы мәтінмен танысу арқылы сендер Ж.Баласағұ туралы мәліметтер аласыңдар.

I. Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу –побуждение.
Ең бастысы бәріңе бірдей тапсырма: мәтінді толық іштеріңнен оқып шығыңдар.
Содан кейін жеке топ-топқа арнайы тапсырмалар беріледі.

Мәтін.
Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1020-?) – Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері – Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы Күз Орда деп атаған.
Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайыда өлең айтып,күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын датартып,Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарыннан білім алған.
Жүсіптің ақын ретінде де,ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі – Құтты білік, Құдатғу білік атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған,түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушіліер бұл поэманы саясат,мемлекет басқару,әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да,бұл жалаң әдеби дүние емес.Бұл – бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын, бойына сіңірген,қоғамдық – саяси,әлеуметтік бітімі қанық, моральдық- этикалық, рухани қазынамыздың негізі., арқау боларлық дүние.Ондағы бүгінгі тілімге,ой-толғамымызға төркіндес,етене жақын орамдарды көргенде,қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің,билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі мен мұндалап тұрады.
Жүсіп Баласағұн Құтты білікті 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап,он сегіз ай ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық – әлеуметтік мәні терең,халықтың моральдық-этикалықбағдарламасы ңспеттес бұл еңбегі Қараханид мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту етіп,бұған қоса оның арғы тегіне арнап Дәрдә Хұсайын (Хұсайын қасіреті) деген күй шығарған.Хан оның бұл еңбегін жоғары бағалап, оған Хас Хажыб деген атақ берген. Жүсіп Баласағұнның аты-жөніне Хас Хажыбтың тіркелуінің мәнісі де осында. Хас Хажыб – араб сөзі, ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі деген мағынаны білдіреді.
Ақынның Құтты білік поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларынның ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары,философиялық толғамдары терең.

II. Сабақ тақырыбының мәнін түсіну – осмысление.
Мәтін бойынша тапсырмалар:

1 топ – Ж.Баласағұн кім? Ол қайда туған? Оның қандай шығармалары бар? Деген сұраққа
ассоциация стратегиясы бойынша жауап беріңдер.

2 топ – Мәтінді бөлшектерге бөліп, әр бөлшекке сәйкес 3-4 сұрақтан құрастырыңдар.

3 топ – Құдатғу білік поэмасын мәнерлеп оқып шығу. Дастанда не туралы айтылады?
Шығарманың бас кейіпкерлерін ажыратыңдар.Өлең мазмұнына сүйене отырып,
оларға сипаттама беріңдер.

III. Балалрдың ой-пікірін білу,анықтау – рефлексия.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз пікірлерін ортаға салады.

Шығарма бойынша қорытынды: ақын өлеңінде үш пайдалы,үш пайдасыз нәрсе туралы пікір ойларын алысыңдар.Абайдың Ғылым таппай мақтамба деген өлеңіндегі бес дұшпан мен бес асыл іс туралы айтқандарын еске түсіріп,салыстырыңдар.

Үйге тапсырма: Құдатғу білік дастанынан тіл туралы айтқан өздеріңе ұнаған ойларды жаттап келу.

С А Б А Қ № 7

Тақырып: Ахмет Иүгнеки Ақиқат сыйы кітабы.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ахмет Иугнекидің өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;
2.Дамытушылық: оқушылардың танымды деңгейін көтеру, ойлау белсендігін,ой-өрісін арттыру,сөздік қорын молайту,мәнерлеп,сауатты оқи білуге баулу,оқыған мәтінді түсінуге,оны өз сөзімен айта білуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке,төзімділікке,шындықты бетке айтуға, ақиқатты жақтау,қорғау білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу,жатқа айту, әңгімелесу,топпен жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, адам және құқық, қазақ тілі.
Сабақтың көрнеклік құралдары: ақынның суреті,
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,сабаққа даярлығын тексеру,орындарына отырғызу, сабақтың тақыры мен мақсатын айту.
2.Үй жұмысын тексеру: Ж.Баласағұнның Құдатғу білік атты поэмасынан үзіндіні жатқа айту.
3. Жаңа сабақ:
I. Сабақтың тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение
Ұжымдық жұмыс: 1. Ақиқат сөзінің мағнасын сөздік бойынше түсінік бері
2. Ақиқат дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

II.Сабақ тақырыбының мәнін түсіну,анықтау – осмысление
* Ұжымдық жұмыс – Ахмед Йгүнеки туралы 32б. мәтінді оқып,орыс тіліне аудару.
түсінгендері бойынша Ассоциация, Кластер құрасытыру.
1 топ – Ақиқит сыйы кітабінан алынған үзіндінің Бірінші сөз деген бөлімін оқып,33 б.
берілген 4 тапсырманы орындау.
2топ – Ақиқат сыйы кітабынан Екінші сөз деген бөлімін оқып, 33 б. 5 тапсырманы
орындау.
3 топ – Ақиқат сыйы кітабынан Үшінші сөз деген бөлімін оқып, 33 б. 6 тапсырманы
орындау.

III .Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жауап береді:
– 1 оқушы тақтаға шығып, Ахмед Йгүнеки мәтіннің мазмұнын түсінгені туралы Ассоциация,
Кластер құрастырады.
– Ақиқат сыйы кітабынан алынған үзділерді 1,2,3 топ оқушылары мәнерлеп оқып, мағынасын
ашады. Өз сөздерімен түсінгендерін айтады.

* Мұғалімнің қорытынды сөзі:

* Бағалау.

* Үйге тапсырма: 32-33б., 33б. 7 тапсырманы орындап келу.

С А Б А Қ № 8

Тақырып : Тоқсандық бақылау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: өткен материалды қайталау,еске түсіру,бекіту;
2.Дамытушылық: берілген тапсырмаларды тез ойлап,тез шешуге,қатесіз сөлйлеп,өз ойларын еркін айту, ауызекі сөйлесу, дағдыларын дамыту, арттыру
3.Тәрбиелік: қазақ әдебиет сабағына қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс,аукцион сабағы
Сабақтың көрнекілігі: ақындар мен жазушылардың портреттреі,кітап көрмесі,нақыл
сөздер, баға парағы – ұлттық валюта үлгісі ретінде көрсетіледі.
Топтар аты: Ынтымақ, Жұлдыз, Қыран
Қазылар алқасы: 1.Акционерлк қогамның президенті – пән мұғалім
2. Акционерлік қоғам есепшісі – келген қонақтар дан сайлауға болады
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
Акионерлік қоғамның президенті:
– мына сіздер отырған әсем қазақ драма театры жекешелендіріледі. Қай қәсіпорынның
мүшелері сұрақтарға толық,дұрыс жауап беретін болса,сол кәсіпорын мүшелері театр
ғимаратына ие болады. Сұрақтың қиын,жеңілдігіне қарай валюта (яғни баға ) саны
өзгеріп отырады.

1-тапсырма:
Лиро-эпостық жырлардың эпостық жырларынан қандай айырмашылығы бар?
Лиро-эпостық жырларының кейіпкерлері кім?
Лиро-эпостық жырларға жататын шығармаларды атап беріңдер.

2 – тапсырма:
Қыз Жібек жырының бас кейіпкерлерін атап беріңдер.
Бұл жырдың тілдік,көркемдік ерекшілігі неде?
Қозы Көрпеш- Баян сұлу, Төлеген мен Жібек ненің симвлоы болып кетті?

3 – таспсырма:
Ж.Баласағұнға Табаш Арслан хан қандай атақ берді? Не үшін?
Ж.Баласағұн мен Ахмет Иугнекидің шығармаларын атаңдар
Ж.Баласағұның Құдатғу білік атты поэмасындағы ойлар Абайдың қандай
өлеңімен үндеседі?

Ойынның қорытындысы:
Есепші әрбір кәсіпорынның валюталарын ( ұпайларын) есептеп,қай кәсіпорынның театр ғимратын жеңіп алғандығын жариялайды.

С А Б А Қ № 9

Тақырып: Абай Құнанбаев. Сегіз аяқ. Тақырып: Сегіз аяқ өлеңнің тақырыбы,композициялық құрамы

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі оқушылардың
білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру;
2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша және
ауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойын
түсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;
мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:

3.Тәрбиелік: Абай шығармаларын түсіну арқылы оқушылардың бойына адами
құндылықтары сіңіру,жаман мен жақсыны айыра білігу үйрету
: оқушыларды Сегіз аяқ өлеңімен таныстыра отырып,шығарманың негізгі
идеясы мен тақырыбын ажырату; мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:

Сабақтың типі: жаңа тақырыпы игерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,кесте құрастыру, өлең мәтіні н мәнерлеп оқу,
шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, Абай туралы папка, ақынның шығармаларыныа
тұратын кітап көрмесі.
Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы, қазақ тілі, орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
Психологиялық дайындық: Мен жақсы адам боламын.
Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын
Маған қажет білім. Өмірден өз орнымды табамын.

Сабақтың эпиграфы: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
(С.Торайғыров.)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
2010жылы ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толады. Қаншама жылдар өтсе де Абай тақырыбы ескермейді, керісінше ол жұлдыздай жарқырай түседі. Оның тамаша тағылымдары үлкенге де,кішінің де ойында жүрсе жақсы болар еді. Абай шығармалары – адамға керекті ақылдың,кеңестің қайнар көзі. Біздің сабағымыздың эпиграфы болыт алынған С.торайғыровтың өлеңінің жолдары осының анық айғағы.
Абай өлеңдері, қара сөздерінің мағыналары терең,түсініп оқыған адамның жүрегінің түбіне терең бойлайды. Оның шығармалары адамның өзін-өзі тәрбиелеуінде де, мұғалімнің,тәрбиешінің,сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуінде де алар орны ерекше.

Үй тапсырмасын тексеру. Ахмет Йгүнекидің жомарттық туралы сөздерін жатқа айту.

I.Ой қозғау – побуждение
1. Бұрын Абай туралы тақырыптарды өткендіктен,сынып оқушылары Инсерт стратегиясы
арқылы білімдерін қайталайды, жүйелейді,толықтырады.

Білемін
Білдім бүгін сабақта
Білгім келеді

Үй тапсырмасын тексеру: Абайдың Желсіз түнде жарық ай өлеңін жатқа айту.

I. Ой қозғау – побуждение.
1.Бұрын оқып жаттаған Абай өлеңдерін еске түсіру мақсатыенда, оқушыларға Абайдың қандай
өлеңдерін білесіңдер?- деп сұрақ қоя отырып,
Ассоциация стратегиясы арқылы көрсетуді талап ету. Поэзия разминкасы – Абай
өлеңдерінен үзінді жатқа айту.

II. Жаңа тақырыптың мағынасын ашу – осмысление.
1. Оқушылар Абайдың Сегіз аяқ атты өлеңімен таныса отырып, шығарма кестесін оқу,аудару
барысынды толтырады.

Шығарманың аты
Авторы
Кейіпкерлер
Әрекет
жемісі
Мағынаға
мақал
Өз ойым

III.Ой – толғау – рефлексия
1.Сұрақ –жауап.

Үйге тапсырма: Сегіз аяқөлеңін жаттап келу.

Бағалау.

С А Б А Қ № 10

Тақырып: Он жетінші қара сөз. Шағын сюжетке құрылған қара сөздің философиялық
тағылымдылық мәні
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерінм жинақтап,кеңейтіп,толтыру.
2.Дамытушылық:зерттеу,салыстыру,талқылау барысынды өз тұжырымын басқалармен
салыстыруға,өз ойын еркін айтуға үйрету арқылы оқушының таным
мүмкіндігін дамыту;
3.Тәрбиелік:оқушылардың коммуникативтік қабілеттері арқылы ауызекі сөйлеуге, таза қазақ
тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілік құралдары: Абай шығармаларының көрмесі, ақынның суреті, Абай
туралы айтылған пікірлер, газет-жорнал материалдары.
Сабатың типі: оқушылардың білімін тексеру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен сұхбатттасу,тіл дамыту жұмыстар (бір
шағын тақырып бойынша әңгімелесу)

I.Ой қозғау – побуждение
Сынып оқушылары Абайдың Он жетінші сөзін түсініп оқып шығады.
1 топ –мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады
2 топ – мәтінді рөлге бөліп оқиды
3 топ – мәтін бойынша 4,5,6,7 сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
– мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер
– жас бала анадан қандай болып туады ?
– ол екі түрлі мінездің айырмашылығы неде?

II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
Сұрақтармен жұмыс:
1.Абайдың осы күнде біз хайуаннан да жаманбыз деген сөзнін қалай түсінесіз? (пікір
алысу,қазіргі заман мен салыстыру) – 1 топ оқушылары
2.Ақын Он жетінші қара сөзін қандай көңіл – күймен жазды деп олайсыздар? – 2 топ
оқушылары
3.Ұлы ақын тоғызыншы сөзін былай деп бастайды. Осы мен өзім қазақпын.қазақты жақсы көрем
бе,жек көрем бе? Балалар,өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. – 3 топ оқушылары

III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.

Автор орындығы стратегиясы арқылы.

Жоғарыда берілген 1,2,3 сұрақтарға әр топтан 1-2 оқушы ортаға шығып өз ойларын айтады,немесе дәптерге жазғаннын оқып береді.

Сабақ қорытындысын мұғалім жасайды: – Абай шығармашылығы туралы;
– ақынның қара сөздерінің тәрбиелік,
филисофиялық мәні туралы;
– Абай –Пушкин,
– қазақ әдебиетіндегі Абайдың орыны.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 40 – 44бет, Он жетінші қара сөзден рөлмен бөліп алған сөздерді жаттап келу.

С А Б А Қ № 11

Тақырып: Абайдың 17-ші сөзі. Пікір жазу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерінм жинақтап,кеңейтіп,толтыру.
2.Дамытушылық:оқушылардың білімдерін қолдана білуге дағдыландыру,ауызекі сөйлесу
қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік:отанымызға,туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру-ұлы адамдарды
құрметтеуге халықтың өткені мен бүгінгісін танып,білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жазба жұмысы,білімдерін жинақтау,жүйелеу,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімеклеу,қазақьтың әдеби тілінің гормасына сай
сөйлей білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың среті, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы,қазақ тілі; орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен сұхбатттасу,тіл дамыту жұмыстар (бір
шағын тақырып бойынша әңгімелесу)

I.Ой қозғау – побуждение
Сынып оқушылары Абайдың Он жетінші сөзін түсініп оқып шығады.
1 топ –мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады
2 топ – мәтінді рөлге бөліп оқиды
3 топ – мәтін бойынша 4,5,6,7 сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
– мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер
– жас бала анадан қандай болып туады ?
– ол екі түрлі мінездің айырмашылығы неде?

II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
Сұрақтармен жұмыс:
1.Абайдың осы күнде біз хайуаннан да жаманбыз деген сөзнін қалай түсінесіз? (пікір
алысу,қазіргі заман мен салыстыру) – 1 топ оқушылары
2.Ақын Он жетінші қара сөзін қандай көңіл – күймен жазды деп олайсыздар? – 2 топ
оқушылары
3.Ұлы ақын тоғызыншы сөзін былай деп бастайды. Осы мен өзім қазақпын.қазақты жақсы көрем
бе,жек көрем бе? Балалар,өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. – 3 топ оқушылары

III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
Автор орындығы стратегиясы арқылы.

Жоғарыда берілген 1,2,3 сұрақтарға әр топтан 1-2 оқушы ортаға шығып өз ойларын айтады,немесе дәптерге жазғаннын оқып береді.

Сабақ қорытындысын мұғалім жасайды: – Абай шығармашылығы туралы;
– ақынның қара сөздерінің тәрбиелік,
филисофиялық мәні туралы;
– Абай –Пушкин,
– қазақ әдебиетіндегі Абайдың орыны.
Бағалау:

Үйге тапсырма: 40 – 44бет, Он жетінші қара сөзден рөлмен бөліп алған сөздерді жаттап
С А Б А Қ №12
Тақырып: Жамбыл Жабаев.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін
тереңдеті,толықтыру.Өлеңдерінің мәнін ашып,меңгерту,жатқа айту.
Жамбылға арнаған атақты қылқалам шеберлерінің суреттерімен
таныстыру,әндерін үнтаспада тыңдау;
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуне ықпал ету,ойлау
шеберлігін,сөйлесу,жазу мәдениетін жетілдіру,білімге деген құштарлығын
арттыру;
3.Тәрбиелік: патриотизмге, Отанды сүюге,адамгершілікке баулу,поэзия,саз өнер,бейнелеу
өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың типі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс,көрнекілікпен
жұмыс,мәнерлеп оқу,аудару,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреті,кітаптар көрмесі, Ә.Қастеев Жамбылсуреті,
Черкасский Жамбыл суреті, атақты адамдардың жамбыл туралы
сөздері,домбыра,үнтаспа т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, ән-күй, қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.

Үй тапсырмасын тексеру: Ш.Құдайбердиевтың Адамдық борышың атты өлеңді жатқа
айту.
I. Ой туғызу – побуждение.
Балалар,қазір сіздерге тақтада жазылып тұрған бірнеше эпиттерді ұсынамын, ал сендер кім туралы екенін айтыңдар.
(тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып тұрған сөздер ашылып оқылады) – өлең-
сөздің пірі, поэзия алыбы, Қазақтың Гомері, жүз жасаған
бәйтерек.
– дұрыс, бұл сөздер ұлы Жамбыл ақын туралы. Бүгінгі сабағымыз Жамбыл атамызға арналады.
Сабақтың түрі – интеграциялық сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөздері:
Ұлы Абайдың құрдасы, көзі тірісінде Гомер аталған алып атамыз – Жамбыл.
Ұлы жамбылдың дауысы 90 жасында шырқап,ақындық дарынның бұрғысына қарағанда еселеп шарықтап кетуі дүниежүзілік даналардың өміріне де кездескен емес – дейді қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов.
Сабағымыздың мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығы туралы мағлұматтарды толықтыру,оқулықта берілген өлеңдерін оқып,аудару. Жамбылдың Ұлы Отан соғысындағы шығарған өлең-жырларын атап өту, тарих пәнімен байланыстырып,Жамбылдың бейнесін сипаттаған қазақ және өзге ұлт суретшілердің жұмыстарын көріп,оларды сипаттап, оларды сипаттап,бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.

II.Сабақ тақырыбының мағнасын ашу – осмыление.
Топпен жұмыс. Оқушылар алдын ала дайындап әкелген тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.

1 топ – әдебиетшілер ( Жамбылтану) тобы – бұл топ оқушылары Жамбыл Жабаевтың өмірі мен
шығармашылығы туралы жаңадан жинақтаған мәліметтермен таныстырады. 46 – 47 бетте
берілген ақынның өлеңдерін оқып, мазмұны бойынша түснік береді

2 топ – бейнелеу өнерін зерттеушілер тобы – Ә.Қастеев туралы қысқашыа мәлімет беріп, суретші
атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері галереясы туралы айта отырып, Ә.Қастеевтің
Жамбыл атты суретіне сипаттама беру. Осы суреті Черкасскийдің Жамбыл деген
суретімен салыстыру.
3 топ – музыка өнерін зерттеушілер тобы – бұл топ оқушылары Жамбылды тек қана ақын емес
әнші,композитор,айтыскер ақын екенін көрсетуі қажет.
4 топ – тарихшылар тобы Ұлы Отан соғысындағы орны ақынның шығармашылығының орны
туралы мәліметтер беру.

III. Оқушылардың ой -пікірлері – рефлексия

1.Инсерт стратегиясы
2.Венн диаграммасы

Бағалау.

Үйге тапсырма: 45 – 47 бет. Артықша туған азамат атты өлеңін жаттап келу.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:өлеңнің мәтінін саналы түсініп,мәнерлеп оку машығын жетілдіру,мәтіндегі
негізгі идеяны саналы ұғынып,өлеңдегі проблемаға өз көзқарастарын білдіруге
үйрету
2.Дамытушылық:логикалық ойлау және жүйелеі ойлау қабілеттерін дамытып, талдау,
анализ жасау және өз көзқарасын нақты фактілер арқылы тұжырымдау
және дәлелдеу қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,әсемділікке,еңбекқорлыққа баулу,эстетикалық
сезімге баулу,ұлы Жамбылдың шығармашылығына деген
кызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ішінара ізденушілік, зерттеушілік, ғылымилық, проблемалық,
сөздік, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреті,кітап көрмесі.
Пәнаралық байланысы:қазақ тілі,тарих.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен сөйлесу. Тіл дамыту жұмысы
Үй тапсырмасын тексеру: Жамбылдың Артықша туған азамат деген өлеңін жатқа айту.

I. Ой туғызу – побуждение.
Балалар,қазір сіздерге тақтада жазылып тұрған бірнеше эпиттерді ұсынамын, ал сендер кім туралы екенін айтыңдар.
(тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып тұрған сөздер ашылып оқылады) – өлең-
сөздің пірі, поэзия алыбы, Қазақтың Гомері, жүз жасаған
бәйтерек.
– дұрыс, бұл сөздер ұлы Жамбыл ақын туралы. Бүгінгі сабағымыз Жамбыл атамызға арналады.
Сабақтың түрі – интеграциялық сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөздері:
Ұлы Абайдың құрдасы, көзі тірісінде Гомер аталған алып атамыз – Жамбыл.
Ұлы жамбылдың дауысы 90 жасында шырқап,ақындық дарынның бұрғысына қарағанда еселеп шарықтап кетуі дүниежүзілік даналардың өміріне де кездескен емес – дейді қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов.
Сабағымыздың мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығы туралы мағлұматтарды толықтыру,оқулықта берілген өлеңдерін оқып,аудару. Жамбылдың Ұлы Отан соғысындағы шығарған өлең-жырларын атап өту, тарих пәнімен байланыстырып,Жамбылдың бейнесін сипаттаған қазақ және өзге ұлт суретшілердің жұмыстарын көріп,оларды сипаттап, оларды сипаттап,бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.

II.Сабақ тақырыбының мағнасын ашу – осмыление.
Топпен жұмыс. Оқушылар алдын ала дайындап әкелген тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.

1 топ – әдебиетшілер ( Жамбылтану) тобы – бұл топ оқушылары Жамбыл Жабаевтың өмірі мен
шығармашылығы туралы жаңадан жинақтаған мәліметтермен таныстырады. 46 – 47 бетте
берілген ақынның өлеңдерін оқып, мазмұны бойынша түснік береді

2 топ – бейнелеу өнерін зерттеушілер тобы – Ә.Қастеев туралы қысқашыа мәлімет беріп, суретші
атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері галереясы туралы айта отырып, Ә.Қастеевтің
Жамбыл атты суретіне сипаттама беру. Осы суреті Черкасскийдің Жамбыл деген
суретімен салыстыру.
3 топ – музыка өнерін зерттеушілер тобы – бұл топ оқушылары Жамбылды тек қана ақын емес
әнші,композитор,айтыскер ақын екенін көрсетуі қажет.
4 топ – тарихшылар тобы Ұлы Отан соғысындағы орны ақынның шығармашылығының орны
туралы мәліметтер беру.

III. Оқушылардың ой -пікірлері – рефлексия

1.Инсерт стратегиясы
2.Венн диаграммасы

Бағалау.

Үйге тапсырма: 45 – 47 бет. Артықша туған азамат атты өлеңін жаттап келу.

I.Ой туғызу – побуждение

II.Сабақ тақырыбының мағнасын ашу – осмысление

1 топ – өлеңнің мазмұнымен, жаңа сөздермен танысады
2 топ – өлеңнің негізгі идеясымен тақырыбын анықтайды
3 топ – өлеңді мәнерлеп оқуға дайындалады

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия

Үйге тапсырма:

С А Б А Қ № 13
Тақырып: Сұлтанмахмұт Торайғыров Арманым өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақын туралы оқушылардың білімдерін толықтыру, Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың шығармаларының негізгі тақырыптарын ажыратып ашу,
ақынның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: оқушының өткен сабақтарды қайталай келіп,ойларын тақырыпқа
байланысты дамытудың,өз ойларын еркін жеткізуді қалыптастыру,қазақ
тілінде еркін сөйлеуге жаттықтыру;
Тәрбиелік: оқушыларды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашалан оқуға
қызығушылық тудыру, аға ұрпақтың өсиетіне адал,білімді болуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,тарих,орыс әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: С.Торайғыровтың суреті, кітап көрмесі
Сабақтың эпиграфы:
Ақыл – ой мен білім – әр адамның сәулет
(Ә.Науаи)
I. Ой туғызу, қызығушылық артыру – побуждение
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын түсіну үшін,бағалау үшін оның ұстанған көркемдік әдісіне тоқталу керек. С.Торайғыров романтик және символистік ақын болған. Өмір,дүние,өнер құбьылыстарын романтиктердің қкөзімен шолған.Романтикалық әдіс басқа әдістер секілді көркем әдебиет жаралғалы бері қатарласа келе жатқан құбылыс.Тіршілік заңдылықтарынынң ағысын емес,өмір, бақыт туралы алдын ала қалыптасқан ұғым мен сенімді бірінші кезекке шығарып айту романтизмге тән нәрсе. Басқаша айтқанда,романтиктер өмінр үрдесін тәптештеп,тексеріп,белгілепжатпайды. Олар өмір осылай болса дейтін арманды,қиялдығана ардақ тұтады.Сондықтан да олар ұнамаған көріністерді барынша жексұрын етіп,жақсылық деп ұғынғандарын асқақтап жырлайтыны мәлім.
Романтизм әдебиеті көлемінде көркемдік дамуын тұтас бір тарауын құрайтыны, бұл тарапта жаһан көлеміне таныс небір ірі көркемдік ескерткіштердің жасалғаны де белгілі.С.торайғыровтың көптеген туындылары да осы романтикалық құбылысты танытады. Ақынның көптеген өлеңдері мен поэмалары романтикалық туындылар деп қараймыз және оларды қазақ әдебиетінің өз кезеңдері аса ірі табыстары деп есептейміз
Ақынның көптеген өлеңдерінің алтын мақсаты- халықтың азаттыққа жетуін аңсау,болып келеді.Бір жағынан отаршылардың,екінші жағы жергілікті байлар мен билердің қарапайым халықты еріксіздік құүлдығына ұстап келгені. Ақпан,Қазан революциясын олар қуана қарсы алды. Ол өз арманы мен қиялына жеткендей болды. Алғашқы ретте ол Қазан төңкерісіне романтикалық мән берген.Бірақ төңкеріс бір ұлттың,бір халықтың,бір елдің азаматтарын: байды-кедейге,әкесін – ұлына, ағасын- інісіне қарсы қойған.Міне осындай кезеңдерінде романтикалық беталыстар мен мотивтер ақынның шығармашылығнда басымырақ болды.

II. Сабақ тақырыбының мағынасын ашу – осмысление.
1 топ – С.Торайғыров және Алаш партиясы
2 топ – С.Торайғыровтың өмірбаянымен танысады, оқулық бойынша 48 бет.
3 топ – Арманым атты өлеңмен танысып, 1-5 сұрақтар бойынша жұмыс жасайды.

III. Оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша білгендерін бақылау – рефлексия.

1 топ – Инсерт стратегиясы бойынша көрсетеді
2 топ – ассоциация, кластер арқылы ұғынғандарын көрсетеді
3 топ – 50 беттте берілген 1-5 сұрақтар бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салады.

Мұғалімнің қорытындау сөзі –

Бағалау:
Үйге тапсырма: 48-50 бет. Арманым өлеңін жаттап келу

С А Б А Қ №14

Тақырып: Шығарма Менің арманым
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың білімін бақылау,білім деңнгейін тексеру,оқұылған тақырып бойынша алған түсінігін тексеру;
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту,теориялық білімдерін практикадлық жұмыстарада қолдану,ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасуй білуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік:ақынның өнегелі өмірін үлгі ету,оқушыларды туған халқы үшінаянбай қызмет етіге,өздерінің азаматтық борышын өтеуге баулу,адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың типі: білімдерін қорытындау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ-жауап,жоспар қүру,
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті,шығармалар көрмесі
Пәнаралық байланысы: тарих,қазақ тілі
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбын,маұсатын
айту.
2 .Шығарма тақырыбы бойынша нұсқау беру.
3. Шығарма тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойын білу,
тақырыпты ашу жолдарын көрсету.
5. Шығарманың жоспарын құрастыру:

Жоспар:

I.Кіріспе бөлімі. Шәкәрім – ғұлама қаламгер (жазушы,аудармашы,тарихшы)

II. Негізгі бөлімі. Мен өтермін,кетермін,жоқтарсың мені бір кезде.
а) Менің арманым олеңінің бас тақырыбы, негізгі идеясы.
б) Арман деген не?
в) Менің арманым,оны мен қалай түсінемін?

III. Қорытынды бөлімі. Алдыңғының соқпағын артқы түзер.

Білім, ақыл бірге жүрсе – жарайды,
Бүкіл әлем бір-ақ қолға қарайды

(Ж.Баласағұн)

6. Жоспар жазылып болған соң мұғалім жоспардың әр пунктеріне тоқтап, не туралы жазу керектігін айтып, бағыт береді.

7. Шығарма жазу барысында қосымша матераилдар қолдануға болады. Мысалы: мақал-мәтелдер,нақыл сөздер тақтада жазылулы тұру керек, ақынның шығармалары оқушыларды болуы қажет, өйткені өлең жинақтарынан өлең шумақтарын қолдануға болады. Себебі олар шығарманы бастауға немесе өз ойларын қорытуға,дәлелдеуге,жалпы тақырыпты ашуға көмектеседі.

8.Шығарманы жазу.

9.Шығарманы тексеру,оның талдауын дайындау.

С А Б А Қ № 15
Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Шәкәрім ұлы Абайдың заңды мирасқоры,талантты шәкірті,жан-жақты
талант иесі,ғұлама қаламгепр екенін оқушыларға жеткізу;
2.Дамытушылық: ақын шығармалары мен көркем мәтінмен жұмыс;
3.Тәрбиелік: ақынның өнегілі өміпһрін үлгі ету, оқушыларды туған халқы үшін аянбай
қызмет етуге баулу,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас, жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, жеке,топпен жұмыс, көрініс.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті ,кітап көрмесі Мен өтермін, кетермін,
жоқтарсың бір кезде, рефераттар.

Пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі,
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу, бүгінгі сабақ тақырыбын,
мақсаты айту. Сабақ жоспарымен таныстыру.

Сабақ жоспары: (тақтада плакатқа жазылып, ілініп тұрады)
1.Шәкәрімнң балалалық шағы.
2.Шәкәрәм – Абайдың талантты шәкірті.
3.Ол – өз заманының озық ойлы ақыны.
4. Шәкәрімнің поэмалары Еңлік-Кебек (үзіндісінен көрме)
5.Шәкәрім – ғұлама қаламгер (жазушы,тарихшы) – Бостандық таңы атты өлеңі туралы.
6.Шәкәрім – аудармашы.
7.Ақын өлімі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Жалпылама сұрақ: бес арысты атаңдаршы (оқушылар атап өтед, тақтаға жазады)
Бүгін бес арыстың бірі , Абайдың інісі – Шәкәрім туралы сабақ өткізгелі отырмыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы құнанбаев өмір сүрген (1858 – 1931ж.) уақыт – қазақ даласында бай мен кедейлердің тартысы,қазақтың надандығы,жақсы мен жаманды айыра алмауы,оқу-жазу білмеуі осының бәрі – Шәкәрім шығармаларының басты тақырыбы.
Шәкәрім Абайдан бір мүшел кіші десек,ендеше ағадан үйренген іні барлық шығармаларарында замана көрінісін танытады. Ғалам болмысы,замана тұрпаты,адам табиғаты туралы көп толғангған шәкәрім өмідің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында:
Қайғы емес қаза,
Болмаймын наза,
Ноқталы басқа бір өмір, – деп жырлаған.
Алпысқа аяқ артқан шағында: Қаласың қай сайда,- деп зз өміріннің немен тынарын болжаған ақыннның қайғылы өқазаға ұшыралуы да, көмусіз,отыз жыл бойы ойпанда,құр,құдықтың түбінде қалуы да шын трагедия емес. Туған жан өлмек,тағдырға көнбек,- деген Шәкәрім. Ақын өмірі,ақын тағдыры. Ең үлкен,шын трагедия- Шәкәрім мұрасының 50 жыл бойы жабылуы жатуы.
Қысастан һлген ақын жаны бір сәт қана азап шексе,өзінің ең елеулі қайраткерлерінің бірін санатқа қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көріпті.Сол кемістіктің орны 1988 жылы толды. Өлген тірілді, өшкен жанды дейді қазақ. Ендеше ақын шығармаларының өмірі ұзақ,қазақ халқының рухани қазынасы болғай.

II. Сабақ тақырыбының мағнасын ашу – осмысление.
Ендеше Шәкәрім өмір сүрген заман, саясат, ақынның шығармалары туралы баян дамалар ға назар аударайық
1.Сабақ жоспарына сәйкес 1,2,3 сұрақтар бойынша баяндамалар тыңдау, дәптерлерге жаңа мағлұматтарды жазып алу.
Баяндамалар туралы мұғалімнің түйін сөзі.

2. Еңілік-Кебек трагедиясынан үзіндіні көрсеті (сахналық қойылым)

3. Оқушылар сабақ жоспарына сәйкес 4, 5,6, сұрақтар бойынша баяндама оқиды, 1 оқушы
Бостандық таңы атты өлеңін жатқа оқып береді . 1 оқушы кітап көрмесіне шолу жасайды.
4. Ақын өлімі – оқушы баяндама жасайды

III. Ой толғау, қорытынды – рефлексия.
Мұғалімнің сөзі: алдығының соқпағын артқы түзер деп ойшыл Шәкәрім айтып кеткендей, қоғам өміріндегі орын алған қателіктерді тарихтың өзі тезге салды,ақиқаттың үстемдігі орнады. Бес арысымыз ортамызға оралып,олардың шығармаларын тануға мүмкіншілік туды.
Оқушы Мен өтермін,кетермін,
Жоқтарсың мені бір кезде, атты кітаптар көрмесімен таныстырады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 51-52 бет. Бостандық таңы атты өлеңді жаттап келу.

С А Б А Қ №16

Тақырып: Жартыжылдық бақылау жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жартыжылдықта өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру, тақырыптар бойынша өз ойларын сауатты айтуын,ауызекі тілде сөйлеун бақылау;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қаблеттерін,өз бетінше білім алып, шығармашылылықпен жұмыс істеу қаблеттерін дамыту; ойлау қаблетін мәтін арқылы қалыптастыру;
Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс істеуге, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін бақылау,жүйелеу сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап,мәтінмен жұмыс,шығармашылық жұмысы,топпен жұмыс; тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих
Сабақтың көрнекілік құралдары: кітап көрмесі, жеке тапсырмалар

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Жартыжылдық бақылау жұмысы қалай өтетін ережесі және шартатарымен таныстыру.

а) жазба жұмысы – мына тақырыпқа эссе жазу Өткен тақырыптардың ішіндегі маған ең
қаттты ұнағаны, менің көңіліме әсер еткен тақырып
б) тест өткізу

Тестік тапсырмалар
( ашық – жабық тест)

1. Лиро-эпостық жырлар дегеніміз не?

2. Ж. Баласағұнның Құдатғу білік дастаны неше тараудан тұрады?
а) 45
б) 85
в) 105

3. А.Йгүнекидың ең үлгілі шығармасы (кітабы) қалай аталады?
а) Құтты білік
б) Ізгілік туралы
в) Ақиқат сый

4. Абайдың Он жетінші сөзінде кімдер арасында айтыс өткені жазылған?
а) бас,қол,тіл
б) ақыл,қайрат,жүрек
в) ой, пікір, сөз

5. Жамбылдың пірі кім болған?
а) Қабанбай
б) Төле би
в) Сүйінбай

6. Мақалды аяқтаңдар
Жүзден жүйрік, мыңнан … шығады.
а) әдемі
б) тұлпар
в) артық

7. Жігіттің,ер-азаматтың қадір-қасиет туралы мақалдар жазыңдар.

8. Пірім деген сөздің мағынасын қалай түсінесің өз ойыңды айт.

9. С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романдарын ата:

10. Ш. Құдайбердиевтың қай өлеңі Абайдың Жазғытұрым деген өлеңімен ұйқас?

11. Борыш деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

12. Борыш туралы Ш. Құдайбердиевтың өлеңінің аты қалай?
а) Менің борышым
б) Азаматтық борышым
в) Адамдық борышым

13. Мына даналық сөздерді кім айтқан?
Ел қадірін ел баққан
Ерлер білер деген сөз
Зер қадірін зер баққан
Зергер білер деген сөз

а) Ш.Құдайбердіұлы
б) Абай
в) Жамбыл

14. С.Торайғыров қай оьылыста туған?
а) Қызылорда облысында
б) Оңтүстік Қазақстан облысынды
в) Павлодар облысында

15. Ш. Құдайбердіұлы 1858ж. қай айында туған?
а) тамызда
б) қаңтада
в) шілдеде

С А Б А Қ № 17

Тақырып: Ш.Құдайбердіұлы.Адамдық борышың.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: мәтінді саналы түсініп,мәнерлеп оқу,машығын жетілдіру,мәтіндегі негізгі
идеяны саналы ұғынып,осы проблемаға өз көзқарасын білдіруге үйрету;
2.Дамытушылық: логикалық ой-өрістерінің кеңеюіне жағдай жасау,сабақта оқушылардың
ойлау,сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойын дұрыс,
толық,тиянықты айта,жаза білуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жатқа айту,мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап,әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, шығармалар көрмесі
Пәнаралық байланыс: тарих, казақ тілі, хұқық ж/е адам пәні
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу.

Үй тапсырмасын тексеру: Ш.Құдайбердіұлының Бостандық таңы атты өлеңді жатқа айту.

I.Ой қозғау – побуждение.
Оқушылар алдына проблемалық сұрақ қою:
– борыш деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер (оқушылар осы сөздің мағынасын
айтады,орысшаға аударады,сөз тіркестерін құрастырады – әскери борыш,ата-ана борышы ,
балалық борыш осы сөз тіркестерімен де тәрбиелік жұмысын да жүргізіп жіберуге болады)

II. Сабақ тақырыбының мағынасын ашу – осмысление
1. Адамдық борышың мен Жаз келер өлеңдерін оқып, мазмұнымен танысу, мәнерлеп оқуға
дайындалу.
2. Сұрақтармен жұмыс жасау – 53 бет.
3. Менің азаматтық борышым деген тақырыпқа шағын әңгіме жазу.

III.Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.

Авторлық орындығы стратегиясы арқылы.
Оқушылар Менің азаматтық борышым деген тақырып бойынша өз әңгімелерен оқу.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 52-53 бет. Адамдық борышың деген өлеңді жаттап келу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуне ықпал ету,ойлау
шеберлігін,сөйлесу,жазу мәдениетін жетілдіру,білімге деген құштарлығын
арттыру;
3.Тәрбиелік: патриотизмге, Отанды сүюге,адамгершілікке баулу,поэзия,саз өнер,бейнелеу
өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың типі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс,көрнекілікпен
жұмыс,мәнерлеп оқу,аудару,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреті,кітаптар көрмесі, Ә.Қастеев Жамбылсуреті,
Черкасский Жамбыл суреті, атақты адамдардың жамбыл туралы
сөздері,домбыра,үнтаспа т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, ән-күй, қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.

Үй тапсырмасын тексеру: Ш.Құдайбердиевтың Адамдық борышың атты өлеңді жатқа
айту.
I. Ой туғызу – побуждение.
Балалар,қазір сіздерге тақтада жазылып тұрған бірнеше эпиттерді ұсынамын, ал сендер кім туралы екенін айтыңдар.
(тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып тұрған сөздер ашылып оқылады) – өлең-
сөздің пірі, поэзия алыбы, Қазақтың Гомері, жүз жасаған
бәйтерек.
– дұрыс, бұл сөздер ұлы Жамбыл ақын туралы. Бүгінгі сабағымыз Жамбыл атамызға арналады.
Сабақтың түрі – интеграциялық сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөздері:
Ұлы Абайдың құрдасы, көзі тірісінде Гомер аталған алып атамыз – Жамбыл.
Ұлы жамбылдың дауысы 90 жасында шырқап,ақындық дарынның бұрғысына қарағанда еселеп шарықтап кетуі дүниежүзілік даналардың өміріне де кездескен емес – дейді қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов.
Сабағымыздың мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығы туралы мағлұматтарды толықтыру,оқулықта берілген өлеңдерін оқып,аудару. Жамбылдың Ұлы Отан соғысындағы шығарған өлең-жырларын атап өту, тарих пәнімен байланыстырып,Жамбылдың бейнесін сипаттаған қазақ және өзге ұлт суретшілердің жұмыстарын көріп,оларды сипаттап, оларды сипаттап,бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.

II.Сабақ тақырыбының мағнасын ашу – осмыление.
Топпен жұмыс. Оқушылар алдын ала дайындап әкелген тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.

1 топ – әдебиетшілер ( Жамбылтану) тобы – бұл топ оқушылары Жамбыл Жабаевтың өмірі мен
шығармашылығы туралы жаңадан жинақтаған мәліметтермен таныстырады. 46 – 47 бетте
берілген ақынның өлеңдерін оқып, мазмұны бойынша түснік береді

2 топ – бейнелеу өнерін зерттеушілер тобы – Ә.Қастеев туралы қысқашыа мәлімет беріп, суретші
атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері галереясы туралы айта отырып, Ә.Қастеевтің
Жамбыл атты суретіне сипаттама беру. Осы суреті Черкасскийдің Жамбыл деген
суретімен салыстыру.
3 топ – музыка өнерін зерттеушілер тобы – бұл топ оқушылары Жамбылды тек қана ақын емес
әнші,композитор,айтыскер ақын екенін көрсетуі қажет.
4 топ – тарихшылар тобы Ұлы Отан соғысындағы орны ақынның шығармашылығының орны
туралы мәліметтер беру.

III. Оқушылардың ой -пікірлері – рефлексия

1.Инсерт стратегиясы
2.Венн диаграммасы

Бағалау.

Үйге тапсырма: 45 – 47 бет. Артықша туған азамат атты өлеңін жаттап келу.

С А Б А Қ № 18

Тақырып: Мағжан Жұмабаев Сағындым өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларыннан нәр алу.
2.Дамытушылық: оқушылардың танымды деңгейін көтеру, ойлау белсендігін,ой-өрісін арттыру,сөздік қорын молайту,мәнерлеп сауатты оқи білуге баулу,оқыған мәтінді түсінуге,оны өз сөзімен айта білугеүйрету;
3.Тәрбиелік:оқушыларды еңбекке,төзімділікке,елін сүюге тәрбиелеу,ақынның шығармашылығына қызығушылық туғызу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру,іздендіру,шығармашылық жұмысы.
Көрнекті құралдар: ақынның суреті, М.Жұмабаевтың шығармалаы көрмесі, Мағжан туралы
пікірлер, үлестірме карточкалар
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,сабаққа даярлығын тексеру,орындарына отырғызу,сабақ
тақырыбы мен мақсатын айту.

I.Сабаққа қызығушылық туғызу – побуждение.
1. Мағжан Жұмабаев туралы мәтін ( оқулықта берілмеген деректер)

Алпыс жыл Мағжанның шығармаларын оқуға тыйым салынды,еңбектері өртелді.
Мағжан жеке басқа табынудың құрбаны болған ақын. Қазір ол ақталып,мол мұрасы жарыққа шықты.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25-маусымды қвзіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл молдасынан білім алады.
Ол Уфа қаласындаҒалия медресесінде,Омбыда мұғалімдер семинаряиссында,кейін В.Я.Брюсовтың жетекшілігімен Мәскеудегі көркем әдебиет институтында оқыған.
Он төрт жасында өлең жаза бастайды 1912ж. Шолпан деп аталатын жинағы шықты. Ташкентте Сана журналында Батыр Баян дастаны шықты.
1924-1925 жж. М.Горький,Мамин-Сибиряк шығармаларын аударады. Балаларға арнап бірнеше кітап жазады. Лермонтов,Гете,Гейне,Фет,Байрон,Крылов,Гоголь,Есенин,Блок,т.б. орыс, шетел классиктеріннің шығармаларын оқып,кейін аудармалар жасаған.

II. Сабақ тақырыбының мәнін ашу – осмысление.
1топ – мәтінді оқып,аударып, түсінгенін 3-4 сөйлем жазу арқылы жеткізу. Ассоциаци-
кластер жасау
2 топ – мәтінді оқып,жоспар жасау,жоспар бойынша мазмұнын айтуға дайындалу.
3 топ – ақынның Сағындым өлеңінің мазмұнымен танысу, мәнерлеп оқуға дайындалу,
өліңнің ьасты тақырыбы мен идеясын ажырату.

III.Сабақ тақыры бойынша оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия.
1 топ – жазған сөлемдерін тақтаға жазып,дәлелдейді, топ спикері құрастырған
ассоцияциясы бойынша ақынның өмірі мен шығармашылы туралы айтып береді.
2 топ – жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады. 1-2 оқушы тақтада ілініп тұрған
Мағжан туралы жазылған пікірлерге, кіпат көрмесіне шолу жасап береді
3 топ – Сағындым өлеңін мәнерлеп оқиды (1-2 оқушы). 2-3 оқушы – өлеңнің бас идеясы
мен тақырыбы туралы өз түсінгендерін айтады.

2.Мұғалімнің қорытынды сөзі. Бағалау.

3. Үйге тапсырма: Сағындым өлеңін жаттап келу.

С А Б А Қ № 19

Тақырып: Сәкен Сейфуллин. Аққудың айырылуы өлеңі.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстанның көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
туралы білімдерін тереңдету.аққудың айырылуы поэмасымен оқушыларды
таныстыру, поэмадағы негізгі идея – адал достық,шынайы,кіршіксіз, таза махаббат
мәселесін көтеру;
2.Дамытушылық: поэманы мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Махаббат пен
зұлымдықты салыстыра отырып ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту
3.Тәрбиелік:Адал достыққа үндеу,махаббаттың белгісі – аққуға жасалған зұлымдылыққты айта
отырып,балалардың табиғатқа ізгілік қарым-қатынасын дамыту; қоршаған ортаны
қорғауға шақыру; экологиялық тәрбие беру; жақсылық пен жамандықты ажырата
білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Қолданатылатын әдіс-тәсілдер: дамыта оқу
Көрнекі құралдар: С.Сейфуллиннің портреті,С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы
суреттер, қосымша материалдар,көлде жүзіп жүрген қос аққудың суреті,
Н.Тлендиевтің Аққу күйі аудиотаспасы.

Сабақтың эпиграфы: Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған,ал нағыз ақынның
халқы өмір сүрсе,ол да мәңгілік өмір сүрген

Р.Сейсенбаев.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу
сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
оқушыларды түгендеу

2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Инсерт стратегиясы арқылы М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы.
2. М.Жұмабаевтың Сағындым өлеңін жатқа айту .

I. Сабақтың тақырыбы бойынша ой қозғау – побуждение.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: балалар, тақтаға қараңдар. Бүгін сабақта XX ғасырдың тағы бір белгілі ақыны Сәкен Сейфуллин туралы әңгімелесеміз.
Ұжымдық жұмыс.
Біріншіден, мына сұрақтарға жауп беріп алайық:( тақтада плакатқа жазылған сұрақтар ілініп тұру керек):
1.Сәкен Сейфуллин кім? Инсерт стратегиясы бойынша әңгімелеу.
2.Оның шығармашылығымен қандай сыныпта таныстыңдар?
3.Оның қандай шығармаларын білесіңдер? Осы сұраққа жааптарыңды Ассоциация арқылы көрсетіңдер.
* Үнтаспадан Н.Тілендиевтың Аққу күйін ақырын ойнатып қою.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
* Ұжымдық жұмыс: Аққудың айырылуы поэмасының мазмұнымен оқып, танысу.
Оқып болған соң оқушыларға шығарманы мынадай бөлімдер бойынша талдау ұсынылады:
1.Кіріспе
2.Екі аққудың кездесуі.
3.Мергеннің аққуды атуы.
4. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
Топпен жұмыс:
Жұмысты жеңілдету үшін әр топқа жетекші сұрақтар беріледі.

1 топқа: Кіріспе.
1.Кіріспеде не туралы жазылады?
2.Көлді сипаттаған үзіндіні тауып,жазып,оқып беру.
3.Көлді сипаттауға теңеулерді тауып көшіріп жазу.
4.Көлді мекен еткен аққу қандай?
5.Көлді тағы қандай құстар мекендейді?
6.Құстар қайтеді?

2 топқа. Екі аққудың кездесуі.
1.Бір мезгілде алыстан не есітіледі?
2.Екі аққудың кездескен сәтін мәтіннен тауып оқып бер?
3.Кездескенде екі аққу қайтті?
4. Екі аққудың бұл әрекетінен не байқадыңдар?
5. Бұл бөлімде ақын нені жырлайды?

3 топқа. Мергеннің аққуды атуы.
1. Аққулар айырылып кеткен соң не болды?
2. Суық жүрек деп кімді айтады? (суық жүрек деген сөздің синонимын табу)
3.Аққуға атылған оқ немен теңеген?
4. Атылған оқ көлге қалай әсер етті?

4 топқа. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
1. Аққудың сыңары қалай күңіренеді? ( мәтіннен тауып оқыңдар.Өз сөздеріңмен баяндаңдар)
2. Зарлаған аққу мергенге не деп жалынады?
3.Мергеннің өзін атпасын білген аққу қандай шешімге келді?
4. Аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?
5.Аққудың өлімінен қандай ой түюге болады?

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Әр топ оздеріне берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін 1-2 оқушы дауыстап жауаптарын оқиды. Қалған топ оқушылары жауаптарды толықтырып отырады.

3. Сабақ қорытындысы:
– Ал,балалар,поэманы оқыдық,әр топ сұрақтар бойынша жұмыс істеді, енді айтқандарымызды қорытындайық.
1. Осындай тамаша поэманы жазған ақын С.Сейфуллин қандай адам деп ойлайсыңдар?
2. Аққу құсы қазақ халқында ненің белгісі?

4. Бағалау.

5. Үй тапсырмасы: мәтінді мәнерлеп оқып келу, әр оқушы поэманың ұнаған сюжетіне сурет
салып келуі керек.

С А Б А Қ № 20, 21

Тақырып: М.Әуезов өмірі. Татьянаның сахарадағы әні.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру, Татьянаның қырдағы әні мәтінін оқыту арқылы бас тақырыбының маңызын,көркемдік идеясын меңгерту;
2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Мұхтар еңбектері арқылы туған елін,Отанын сүю,құрметтеу сезімдеріне әсер ету.
Адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруді жалғастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: М.Әуезовтың портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі,
М.Әуезов туралы пікірлер т.б.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу – побуждение.

* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы өткен
тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.
Инсерт стратегиясы.

Білемін
Білдім
Білгім келеді

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мұғалім мәтінде шағын-шағын оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсіну үшін 3 бөлімге бөліп, беруі тиісті.
1 топ – мәтіннің 1-ші бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады
2 топ – мәтіннің 2 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады
3 топ – мәтіннің 3 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

* Мәтіннің мағынасын ашу бойынша сұрақтар:
1 топқа: 1.Абайдың қандай шығармаларымен таныстыңдар?
2.Абай үшін ең бақытты шақтары қай кез?
3.Абай орыс әдебиетінде кімдердің шығармаларына көп үңілді?
4.Ол Пушкиннің Евгений Онегинің оқығанда қандай әсерде болды?
5.Поэманы оқығанда ақынның көз алдына кімдер келді?

2 топқа: 1.Ақшоқыдағы ауылда не болды?
2. Думанды ұйымдастыруға көмектескен кімдер?
3. Кәкітайды сипаттаған жерлерді мәтіннен тауып оқыңдар.
4.Ауылға (келген) қонақтар қайдан келді?
5. Олар кімдер?

3 топқа: 1. Абай Әйгерім мен Ерболдарға кімдерді жиюды бұйырды?
2. Әйгерім қандай ән шырқады?
3.Ол әнін кімге арнадыдеп ойлайсыңдар?
4.Әйгермнің өлең айтқан кездегі көңіл-күйін, толғанысын суреттеген жерлерді
мәтіннен тауып, мәнеріне келтіріп оқыңдар.
5. Әйгерімнің әні Абайға қалай әсер етті? Татьянаның мұңдасы,тағдырласы
кімдер?

Ұжымдық жұмыс: Татьянаны ақын өз елінің тілімен сөйлете бастады, – дегенді қалай
түсінесіңдер?

III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия
Оқушылар өз беттерімен жасаған жұмыстары бойынша әңгімелейді.
1. Бүкіл үш топ оқыған мәтіннің бөлімшесі бойынша, бас кейіпкерлерін іріктеп оларға
сипаттама беруін көрсететін Ассоциация құрастырады.
2.Мәтіннен сұраққа сәйкес үзінділерді тауып алып оқиды.
3. Абай мен Пушкин туралы салыстыру Венндиаграмасын жасайды.

Абай
Ұқсастығы
Пушкин

4. Мазмұндамаға дайындық ретінде Автордың орындығы стратегиясы бойынша әр топтан 1-2 оқушы өздеріне берілген бөлімше бойынша түсінгенін өз сөздерімен мазмұндап береді. Әр топ өз бөлімшесіне ат қоюы керек.

* Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.

* Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Мұхтар Әуезов –Шығыстың Шолоховы және Қазақстан үшін екінші Абай, – деп орыс достары айтқан.
Өлең ұқсаң,түсінсең,шәкірттерім,
Абай мен Мұхтарды көптеп оқы!?
Ұлы Абай мен Мұхтардың бейнесін көз алдыңа елестетіп,
Шабыт тудыр,өлең тудыр жұрт оқитын!

* Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу, мазмұндама жазуға дайындалу.

С А Б А Қ № 22

Тақырып: Мазмұндама . Татьянаның қырдағы әні. (таңдамалы мазмұндама)

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша білімін бақылау,білім деңгейін тексеру,теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану.
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыны естуге,есту арқылы өз ойларын жеткізуге баулу.
4.Сабақтың көрнекілік құралдары: Татьянаның қырдағы әні атты мәтіні, жазушының
суреті.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,оқушыладың сабаққа дайындығын
бақылау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгін біз Татьянаның қырдағы әні атты мәтін бойынша мазмұндама жазамыз. Бірақ үйренішті мазмұндама түрінен бұл мазмұндама ның айырмашылығы бар. Сондықтан бұл мазмұндама таңдамалы мазмұнда деп аталады.
Таңдамалы мазмұндаманың мақсаты – мәтіннің бір бағытын, тақырыбын ашу.Мәтіннен бір материалды алу,бұл мазмұндама мәтіннің қысқартылуын,өңдеун қажет етеді. Сондықтан да бұл шығармаға жақын мазмұндай түрінне жатады.
Біз мазмұндамада ұлы Абайдың Татьянаның хатын қазақ тіліне аудару барысында жасалған жұмыстары, осы жұмыс ақынға қандай әсер еткені туралы жазамыз.
Ендеше мәтінмен танысуға кірісейік.

I. Мұғалім (алдын ала ) мәтіннен таңдап алған үзіндіні асықпай,жағымды дауспен,
салмақпен оқиды.
а) оқушыларға түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызады
б) қиын,жаңа сөздерді тақтаға жазады
в) оқушылар мәтіннен ең басты сөздерін теріп 1 бағанаға жазады, екінші бағанаға
етістіктерді жазады
г) содан кейін оқушылар екінші бағанадағы сөздермен және сөз тіркестермен сөйлем
құрастырады.
д) мұғалім мәтінде кездесетін синоним,антоним,омоним сөздері болса оны орынды қолдануға
болатынын оқушыларға ескертеді.

II. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгендігін анықтауы қажет.
Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінбесе,оны түсіндіру керек.Мұғалім өзі түсіндірмейді,тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: – мәтінде не туралы айтылған?
– басты кейіпкерлері кімдер?
– олардың іс-әрекеттері қалай бейнеленген? т.б.
III. Жоспар құру. Жоғары сыныпта оқушылар өздеру жоспарды құрастырады.
а) Жоспар: 1. Кіріспе бөлімі
2.Негізгі бөлімі
3. Қорытынды бөлімі
4.Толықтыру деген бөлімдерден тұрады.
б) Мұғалім мәтінді екінші рет оқиды. Содан кейін 1-2 оқушы түсінгенін, ауызша айтып
береді.
в) оқушылардың айтқанын тілдік тапсырмалармен байланыстырады
г) дұрыс жазуға бағыттайды
е) үндестік заңын ескертеді
д) қажет болса қосымша материалдармен қолдануға болатындығы туралы айтады.
* Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді,нақыл сөздерді,өлең шумақтарын қолдануға болады. Бұлар мазмұндаманы бастауға,немесе өз ойларын қорытуға,дәлелдеуге,жалпы тақырыпты ашуға көмегін береді.
IV. Мазмұндама жазу.

С А Б А Қ № 23

Тақырып: Ғ.Мүсіреповтығ өмірбаяны, еңбегі туралы әңгімелесу.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстанның белгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыратын мағлұматтар алады;
2. Дамытушылық: өзінің ойын жүйелі түрде, дәлелді жеткізуге,сұрақтарға нақты жауап беру,бір-бірімен сұхбаттасуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығына қызығушылық туғызуға баулу
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу,сын тұрғысынан оқу мен жазу технологиясының стратегияларын қолдану, баяндау.
Көрнеклік құралдар: Ғ.Мүсіреповтың суреті, жазушы туралы айтылған пікірлер, кітап
көрмесі, газет-жорналдар материалдары.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындарына
отырғызу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, сіздер Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді 6 сыныпта алдыңдар. Кәнеки,кім айталады:
– 6 сынып оқулығында Ғ.Мүсіреповтың қандай әңгімесімен таныстық? (Тимка-Димка)
Ал бүгінгі сабақ барысынды сендер Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығындағы тағы бір нақты тақырып орын алғандығын көресіңдер.

I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу –побуждение.
Инсерт стратегиясы арқылы Ғ.Мүсіреповтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы
кестені толтырыңдар.

Білемін
Білдім
Білгім келеді

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
1 топ – 67-68 бетте берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аудару.
2 топ – мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастыру
3 топ – Жазушының ең құдретті тақырыбы деген сұрақ бойынша ассоциация
құрастыру.

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Әр топтың оқушылары өздеріне берілген тапсырма бойынша жауап береді, тақтаға
шығып, тірек сызбаларын көрсетіп,әңгімелейді.

Мұғалімнің сөзі: балалар, сабақ тақырыбында Ғ.Мүсіреповтың еңбегі туралы әңгімелеу деген тақырып тұр. Осы сұрақ бойынша Ғ.Мүсіреповтың еңбектерідеген тақырып бойынша баяндама жасап келген оқушы баяндап береді.

3.Мұғалімнің қорытынды сөзі: балалар, бүгін сабақ барысында Ғ.Мүсіреповтың ең құдретті
тақырыбы – Ана тақырыбы дедік қой, сондықтан:

*Үйге тапсырма: Өлемді женген ана деген мәтінмен танысып келу керек.
Ана тақырыбы – қазақ әдебиетінде, бейнелеу өнерінде деген тақырып
бойынша шағын баяндама жасап келу.

*Бағалау. Топ спикерлері оқушыларға баға береді. Мұғалім түсінік беріп өз бағасын қояды.

С А Б А Қ № 24,25

Тақырып: Өлімді женген ана.

1- ші сабақ.

Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік: мәтінді сын тұрғысынан ойланту ароқылы меңгерте отырып,ана туралы түсініктерін кеңейту,өз ойларын ортаға салу.
2.Дамытушылық: еріктілікті дамыту,қабілеттілігін,таным мүмкіншілігін арттыру,топта,жекелеп жұмыс істеуге үйрету;
3.Тәрбиелік: ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап,ән тыңдау, сын тұрғысынан оқу
және жазу технологиясының стратегиялары.
Көрнекілік құралдар:ана туралы нақыл сөздер,мақал-мәтелер, ардақты,есімдері кеңшілік елге
танымал аналардың суреттері, М.Горькийдің Мать романы, ана туралы
әңгімелері.
Пәнаралық байланыс: ән-күй,тарих,бейнелеу өнері сабағы, орыс әдебиеті.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп,орындарына
отырғызу, оқушыларды түгендеу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.
Үнтаспадан Ана туралы жыр әні баяу шырқап тұрады

I. Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение.
Ана деген сөзді айтқанда ойға қандай ассоуиациялар келеді ? Ассоциация құрастыру.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мәтіннің 1 бөлімімен жұмыс жасау. Алдын ала берілген тапсырма бойынша:
1 топ – Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді мәтіннен тауып, дауыстап оқу керек.
Дәптерге Ақсақ Темірге мінездеме жазу.
2 топ – әйел-ананың құдреті туралы айтылған бөліктерді тауып,дәптерлерге жазу.
3 топ – мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалу.

III. Оқушылардың ой-паікірін білу – рефлексия.
Оқушылар топ – топ болып берілген өз беттерімен жасаған жұмыстары туралы
әңгімелейді. Дәптерге жазылған мінездеме мен ана туралы сөздерді
оқиды. Мәтіннің мазмұнын айтады.
2-3 оқушы кітап көрмесі туралы әңгімелеп береді.
1-2 оқушы Ана тақырыбы бейнелеу өнерде деген тақырып бойынша баяндайды.
2-3 оқушы ана туралы мақал-мәтелдерді оқып мазмұнын түсіндіреді.

2. Сабақты қорытындау.

3. Бағалау.

4.Үйге тапсырма: Өлімді женген ана мәтінің 2-ші бөлігін оқып келу.

* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *

2 – ші сабақ.

I. Оқушылардың сабақ тақырыбына деген қызығушылығын ояту – побуждение.
Бес жол өлең стратегиясы. Оқушылар екі топқа бөлініп,
Ана және Темір деген сөздер бойынша бес жол өлең жазады.
1зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден тұратын сөйлем
5 зат есім-синоним (1-ші сөзге сәйкес)
II.Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Ұжымдық жұмыс: 79 б. берілген 1-11 сұрақтарға жауап беру.

Топпен жұмыс.Тапсырмалар:
1 топ – мәтінді М.Горькийдің шығармасымен салыстырып оқу.
2 топ – мәтін бойынша жоспар құрастыру
3 топ – жоспарға сүйеніп, мазмұнын айту.

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынш өз пікірлері мен ойларын ортаға салады.

* Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық,публицистік,журналистік,сыншылдық қызметімен де туған халлқының мәдениетінің дамуына зор қызмет сіңірген адам. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды,көркем сөздің хас шебері деп біледі,құрмет тұтады.
Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған . Қазақ даналары айтқандай,- жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді. Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Ғ.Мүсіреповтың есімі өшпейді.

* Бағалау.

* Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың Менің анкетам деген өлеңін жаттап келу.
Бақылау тест тапсыру үшін өткен тақырыптарды қайталап келу.

С А Б А Қ № 26

Тақырып: М.Мақатаев. Бақылау тест.

Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: М.Мақатаевтың әдеби мұрасымен таныстыру, Өмір сүрейік алмасып өлеңін
талдау.
2.Дамытушылық: оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту,ғылми ізденіске
дағдыландыру
3.Тәрбиелік: адамгершілікке,оқуға,сапалы көзқарасқа мемлекеттік тілге деген
сүйіспеншілік,қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,жұптық,ұжымдық,әңгімелесу,сын
тұрғысынан оқу және жазу стратегиялары.
Көрнекілік құралдар: ақынның суреті,М.Мақатаевтың шығармаларының көрмесі, үнтаспа,
М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер.
Пәнаралық байланысы: ән-күй,тарих,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
Жазылар естеліктер мен туралы
(М.Мақатаев)

2.Сабақ алдында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Сәби болғым келеді әні баяу
орындалып тұрады.
Осы ән орындау фонында (алдына ала берілген тапсырма) Менің анкетам деген өлең
жатқа оқылады.
3.Мұғалім сөзі:
Қазір Мұқағалидың аты аталмайтын күн жоқ. Жазылар естеліктер мен туралы деп сонау еленбей жүрген ерте кезеңде өзі айтқандай бүгінде Мұқағали мұрасы кеңінен жарық көріп, оның екі томдық,үш томдық,50,60,ал биыл ақынның 78 жылдығы аталып өтті.
4. Сұрақ-жауап: – М.Мақатаевтың шығармашылығымен сендер бірінші рет қай сыныпта
таныстыңдар? (5 сынып)
– Ал ақынның қандай өлеңімен таныстыңдар? (Үш бақытым)
Олай болса осы 5 сыныпта өткенімізді еске алайық.

I.Сабақ тақырыбына қызығушылық ояту – побуждение.
1 топ – Инсерт стратегиясының кестесін құрастырады

Білемін
Үйрендім
Білгім келеді

Оқушылар 5 сыныпта алған білімдері бойынша мына бағаншаны толтырады

Оқушылар 8 сынып оқулығынан алған жаңа білімдері бойынша осы бағаншаны толтырады.
Бұл бағаншаға балалар М.Мақатаевты туралы немесе оның өлеңдері туралы қандай мәліметтер алғысы келетінін жазады.

II. Сабақ тақырыбының мәнін түсіну – осмысление:
1 топ – өліңді мәнерлеп оқуғға дайындалады, сөздік жұмыс жүргізеді

2 топ – өлеңге талдау жасайды мына сұрақтар бойынша:
– ақын қайынға не дейді?
– ақын қайыннан не туралы сұрайды?
– қайында неше жүрек?
– ақын өз жүрегі туралы не дейді?
– неліктен ақынның жүрегі абыржиды?
– көктемде қайын қалай өзгереді?
– не себептен ақын қайынға өмір сүрейік алмасып дейді?
– өлеңнің бас идеясы мен тақырыбы неде?

3 топ – М. Мақатаевтың Өмір сүрейік алмасып өлеңіне Венн шеңберлерін құрастырады:

Адам
Адам мен
қайынның ұқсастығы
Қайын

өлеңнің мәтініне сүйеніп, адамның өмірі мен қасиеттері туралы жазады

Адам мен қайынға тән қасиеттер туралы жазады

Мәтінге сүйеніп қайын туралы жазады

III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия.
Әр топ сабақ барысында өз беттерімен жасаған тапсырмалары бойынша әңгімелейді.

5. Сабақ қорытындысы:
Мұғалімнің сөзі.
М.Мақатаевтың шығармашылығының негізгі де өмірлік тақырыбы – өмір мен өлім болған.Осы тақырыпқ ол өмірінің соңғы күніне дейін берік болған. Ақын өмірді сүе білген, өзі де ақындық атыда мәңгілік туған жерінде ағаш, құс болып қалса екен деп армандаған. Сондықтан да ол өзін табиғатпен бірге екенін, адам табиғатсыз, табиғат адамсыз болу мүмкін емес деген ой қозғайды.
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы Жазылар естеліктер мен туралы деген ақыннң өзі айтқан сөздері бекер алынбағанына көздерің жеткен шығар. XXI ғасырда М.Мақатаевтың шығармашылығы,өлеңдері екінші рет өмірге келгендей, жаңаша танылып, оқырмандарды терең философиялық ойларға жетелейді. М.Мақатаевтың өлеңдері ешқашан өшпейді,олар мәңгілік, олар біздің бірнеше ұрпақтарымызды қызықтырады, бай тілімен, нәзік лирикасымен оқи беруге-оқи беруге ынталандырады деп үміттемін.

* Есіңе мені алғайсығ атты М.Мақатаевтың әні орындалады.

6. Бағалау.

7.Үйге тапсырма: Өмір сүрейік алмасып өлеңін жаттап келу.

* Келесі сабақ Олжас Сүлейменов тақырыбына байланысты алдын ала тапсырмалар:

1. Олжас Сүлейменотың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасау.

2. О.Сүлейменовтың қоғамдық қызметі туралы,яғни Невада –Семей халықаралық қозғалысының
төрағасы ретінде атқарып кележатқан жұмысы туралы баяндама.

3.

С А Б А Қ № 27, 28

Тақырып: О.Сүлейменов.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: жалпы Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі
туралы мағлұмат беру; ақынның шығармаларымен таныстыру,олеңдерінің негізгі
тақырыптары бойынша мәліметтер беру;
2.Дамытушылық:сөздік қорын молайту, баяндама бойынша өз ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру, мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру;
3.Тәрбиелік: Отанды сүюге,туған жерді аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыппен таныстыру
Сабақтың түрі:дәстүрлі, аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ–жауап, әңгімелесу,
Сабақтың көрнекілік құралдары: О.Сүлейменовтың суреті,кітап көрмесі,Невада-Семей
қозғалысы туралы газет-жорналдар материалдары,видео-
фильм т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі,

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,орындарына
отырғызу, кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айту.
2.Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардың М.Мақатевтың Өмір сүрейік алмасыпә деген өлеңін
жаттап келгендігін тексеру.

* Мұғалімнің кіріспе сөзі.

I. Сабақ тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение.
* Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың баяндамаларын тыңдау.
Ұжымдық жұмыс:
1.Баяндама тыңдау барысынды, хронологиялық кесте толтыру

Аты-жөні
Туған жылы, күні Туған жері
Туған-туысқандары туралы мәліметтер
Шығармашылық-қоғамдық жұмысы туралы мәліметтер
Шығармалары

II. Сабақтың тақырыбын ашу – осмысление.
Топпен жұмыс:
1 топ – қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгіме дайындау
2 топ – Арғымақ олеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну. Арғымақ деген сздің мағынасын
ашу (сөздік арқылы). 98б. Сұрақтарға жауап дайындау.
3 топ – Қыз қуу һлеңін мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіну, 99б. Сұрақтарға жауап дайындайды.

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша әңгімелейді,өлеңдірді мәнерлеп оқиды.

3.Сабақ қорытындысы. Мұғалімнің сөзі.

4..Бағалау.

5.Үй тапсырмасы. Арғымақ атты өлеңді жаттап келу.

С А Б А Қ № 29

Тақырып: Қ.Мырзалиев.Тест.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қ.Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру,оқушылардың
таным-дүниесінің кеңейту,сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін жан-жақты
жетілдіру;
2.Дамытушылық: оқушының тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,ой-өрісін
кеңейту,логикалық ойлау,есте сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін сын
тұрғысынан оқу және жазу технологиясы арқылы дамыту;
3.Тәрбиелік: қазақ халқының қонақжәйлығын көрсете отырып,азаматтық борышын өтеуге,
әдептілікке,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың көрнекілік құралдары:
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Пәнаралық байланыс:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындрына
отырғызу, кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
I.Сабақ тақырыбына қызығушылық ояту – побуждение.
1.Ұжымдық жұмыс: қонақ деген сөзге Ассоциация құрастыру.
2. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру деген Қ.Мырзалиевтың өлеңін оқып шығу.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
1 топ – өлең мәтінінен қазақ халқының бейнесін өз сөздеріңмен мәтінге сүйеніп сипаттап
көріңдер.
2 топ – өлеңнен қазқ халқының қандай ұлттық ойынын кездестірдіңдер, қысқаша сол ұлттық
ойындар туралы әңгімелеп беріңдер.
3 топ – өлеңнен тілге байланысты қанатты сздерді туып, дәптерлерге жазу.

III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия.
* Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар әңгімелейді.

* Сабақ қорытындысы.
Мұғалімнің сөзі: балалар,міне сендер ақын Қ.Мырзалиевтың өлеңінен қазақтың қонақжайлығы туралы оқып білдіңдер, былай қарғанда күнделікті өздеріңнің өмірлеріңде отбастарыңа қонақ келсе әке-шешелерің қонақты қалай қарсы алатынын көріп жүрсіңдер.
Ал, ақынның : Қазақ осы:
Ағыл – тегіл,
Көл – көсер – , деген шумақтарын түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
Қ.Мырзалиев өз шығармасында қазақ халқының қонақжайлығы туралы әзіл тілде суреттеп тұрғандай ой туғызады. Ал шыңдап айтсақ қазақ халқының көңілінің ашықтығы, кеңдігі туралы, ел басына қиындық түскенде бір тілім нан бөліскені жайында жазылған шығармаларды білесіңдер ме? Ондай тақырыпқа арналған әңгімелер мен повестер туралы біз әңгімеледік қой.Кәнеки, естеріңе түсіріңдер сол шығармалдың аттары мен оларды жазған авторлардың аты-жөнін.
(Қадірлі қонақ Ғ.Мұстафин, Бір атаның балалары М.Мағауиын).

* Бағалау.

* Үй тапсырмасы. Туған жерім атты шығарма жазуға дайындалып келу. Қосымша материалдар
жинап келу, жоспар құрасытырып келу.

Тест сауалдары.

1.Олжас Сүлейменов қай жылы туды?
а) 1945ж.
б) 1835ж.
в) 1935ж.

2. Мақалды толықтыр:
Үйренер нәрсең – …
а) білім мен мейрімділік
б) жалқаулық пен жамандық
в) қасқыр мен түлкі

3.Ж.Баласағұн мен Ахмед Йгүнеки нешінші ғасырларда өмір сүрген?
а) XII
б) XIV
в) XV

4.О.Сүлейменов қай қалада туған?
а) Атырау
б) Қарағанды
в) Алматы

5. Мақалды толықтыр:
Адам досымен,
Ағаш … мықты.
а) тамырымен
б) жапырағымен
в) бұтағымен

6. Мына өлеңдердің қайсысын Абай Гетеден аударды?
а) Желсіз түнде жарық ай
б) Қараңғы түнде тау қалғып
в) Көзімнің қарасы

6. Мағжан Жұмабаев қандай шығарма жазды?
а) Көкшетау
б) Сұлушаш
в) Сағындым

7. Сегіз қырлы,бір сырлы тұрақты тіркесінің мағынасы:
а) шебер
б) жан-жақты
в) момын

8. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңін жазған кім?
а) Қ.Қайымов
б) Қ.Мырза Әли
в) О.Сүлейменов.

9. Жұмбақтың шешуін тап.
Тоғыз белбеу, қос жібек
Екі мұрын, бір шүмек
а) домбыра
б) самаурын
в) шапшаң

10. Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі қай жерде?
а) Балқашта
б) Аягөзде
в) Ертісте

С А Б А Қ № 30

Тақырып: Шығарма Туған жерім

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
2.Дамытушылық:
3.Тәрбиелік:
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,мәнерлеп оқу,сөздік жұмыс, сұрақ – жауап,
Сабақтың көрнекілік құралдары: Қ.Мырзалиевтың суреті,кітап көрмесі,ақын туралы пікірлер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,орындрына
отырғызу, кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын
айту.
I.Сабақ тақырыбына қызығушылық ояту – побуждение.
1.Ұжымдық жұмыс: қонақ деген сөзге Ассоциация құрастыру.
2. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру деген Қ.Мырзалиевтың өлеңін оқып шығу.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
1 топ – өлең мәтінінен қазақ халқының бейнесін өз сөздеріңмен мәтінге сүйеніп сипаттап
көріңдер.
2 топ – өлеңнен қазқ халқының қандай ұлттық ойынын кездестірдіңдер, қысқаша сол ұлттық
ойындар туралы әңгімелеп беріңдер.
3 топ – өлеңнен тілге байланысты қанатты сздерді туып, дәптерлерге жазу.

III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия.
* Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар әңгімелейді.

* Сабақ қорытындысы.
Мұғалімнің сөзі: балалар,міне сендер ақын Қ.Мырзалиевтың өлеңінен қазақтың қонақжайлығы туралы оқып білдіңдер, былай қарғанда күнделікті өздеріңнің өмірлеріңде отбастарыңа қонақ келсе әке-шешелерің қонақты қалай қарсы алатынын көріп жүрсіңдер.
Ал, ақынның : Қазақ осы:
Ағыл – тегіл,
Көл – көсер – , деген шумақтарын түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
Қ.Мырзалиев өз шығармасында қазақ халқының қонақжайлығы туралы әзіл тілде суреттеп тұрғандай ой туғызады. Ал шыңдап айтсақ қазақ халқының көңілінің ашықтығы, кеңдігі туралы, ел басына қиындық түскенде бір тілім нан бөліскені жайында жазылған шығармаларды білесіңдер ме? Ондай тақырыпқа арналған әңгімелер мен повестер туралы біз әңгімеледік қой.Кәнеки, естеріңе түсіріңдер сол шығармалдың аттары мен оларды жазған авторлардың аты-жөнін.
(Қадірлі қонақ Ғ.Мұстафин, Бір атаның балалары М.Мағауиын).

* Бағалау.

* Үй тапсырмасы. Туған жерім атты шығарма жазуға дайындалып келу. Қосымша материалдар
жинап келу, жоспар құрасытырып келу.

С А Б А Қ № 31

Тақырып: Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру, жүйелеу, бекіту.
2.Дамытушылық: оқушының өткен сабақтарды қайталай келіп,ойларын тақырыпқа байланысты
дамытудың,өз ойларын еркін жеткізуді қалыптастыру,қазақ тілінде еркін
сөйлеуге жаттықтыру
3.Тәрбиелік: жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпын сыйлауға,аға өсиетіне
адал,білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін бақылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ, Қыз қуу ойыны ретінде.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география,
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,отырғызу,
оқушыларды түгендеу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Мұғалмнің кіріспе сөзі.
Балалар,бүгінгі сабақ ерекше өтетін болады.Бұл сабақта өткен Қ. Мырзалиевтың Қазақтарды шетлдік қонақтарға таныстыру өлеңіне байланысты тақырыпты қайталаймыз. Сабақты Қыз қуу ойыны түрінде өткізейік. Сынып 2 топқа бөлінеді:
– қыздар тобы, ұлдар тобы.
Ойынның шарты:
Егер ұлдар жеңсе,қыздарға біраз зеректік не тапқырлық жетпеді деп санаймыз.
Егер қыздар жеңсе,ұлдар қыздарды Қыз қуу ойында қуып жете алмады деп санаймыз.
Сабағымыздың ұраны: Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт,ең бастысы үнсіз
қалма
I тапсырма:
Әр топтан 1 оқушы шығып Қ.мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп береді. Қайталанбау керек.

II тапсырма.
Мақал-мәтел сайысы.
Бірінші топ мақалдың басын бастаса, екінші топ аяқтайды.
Мысалы: ұлдар тобы – Оқусыз білім жоқ,
қыздар тобы – Білімсіз күнің жоқ.

Қыздар тобы – Құтты қонақ келсе,
Ұлдар тобы – Қой егіз туады.

Ұлдар тобы – Келгенше қонақ ұялады,
Қыздар тобы – Келгесін үй иесі ұялады. ( Тағыда 2-3 мақал қосуға болады. )

III. Аудирование.
Қазақ ұлтық ойындары Көкпар мен Қыз қуу туралы мәтін оқылады. 2 топ оқушылары мұқият тыңдап, содан соң 1 топ –Көкпар, 2 топ – Қыз қуу мәтіні бойынша есте сақталған мағлұматтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес жазуы керек.

IV. Пікірлесу. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңінен алынған:
Өнер алды – тіл деген тақырып бойынша оқушылар өз ойларын айтады.

V. Өлеңді жатқа айту сайысы.
Оқушылар кезектесіп Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңінің шумақтарын жатқа айтады.
Сабақ қорытындысы. Мұғалім:
– Осымен ойын-сайыс сабағымыз аяқталады. Ұлдарда да, қыздар да сабаққа белсенді қатысты.
Талаптарың таудай болсын,
Өнерлерің өрлей берсін,
Келесі тоқсан құтты болсын,
Денсаулықтарың мықты болсын.

* Бағалау.

*Үйге тапсырма: Б.Соқпақбаев туралы оқып келу.

С А Б А Қ № 32
Тақырап: Б.Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Б.Соқпақбаевтың өмірі ментшығармашылығы туралы жаңа мағлұматтар беріп, бұрын алған білімдерін толықтыру.
2.Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін,сөйлеу,жазу мәдениетін жетілдіру,білімге деген құштарлығын арттыру.
3.Тәрбиелік: туған еліне,жазушының шығармаларын оқып, үлгі тұтуға, оларды қастерлеп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,баяндама, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілік құралдары: Б.Соқпақбаевтың портреті,кітап көрмесі,газет-жорналдар материалдары.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды орындарына отырғызу,оқушыларды түгендеу,сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар,сендер бүгін сабақта Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы тағыда танысқалы отырсыз. Канеки,ойларыңа түсіріңдерші,
– осы жазушының шығармашылығымен сендер нешінші сыныпты ең бірінші рет таныстыңдар? (5 сыныпта)
– ал, осы жазушының қандай шығармасымен таныстыңдар? (Менің атым Қожа повесінен үзінді)
– ал, осы үзіндіде не туралы айтылғаны естеріңде ме? ( Қожаның орыс әдебиет пәнінен үй тапсырмасын орындамай келуі., яғии А.С.Пушкиннің өлеңін жаттауға ұмытып кетуі туралы, сабаққа қалып келуі).

I.Сабақтың тақырыбына қызығушылық туғызу – побуждение
Мына тақырыптар бойынша : 1.Б.Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетінің жазушысы.
2. Б.Соқпақбаев соғыс жалдарында
3.Балалрға арналған шығармалары
4.Соғыс тақырыбы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығында.
Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар баяндамаларын айтады.
Қалған сынып оқушылары, баяндамаларды тыңдап отырып Инсерт стратегиясының кестестесін құрастырып,толтырып отырады.

II.Сабақтың мазмұнын ашу – осмысление.
Ұжымдық жұмыс: Өлгендер қайтып келмейді романнан үзіндінің 1 бөлімінің мазмұнымен танысады.Яғни оқып,аударады
Топтық жұмыс: 1 топ – рөлмен оқуға дайындалады
2 топ – 112б.берілген сұрақтар бойынша жауап дайындайды
3 топ – өз сөздерімен мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.

III. Оқушылардың ой-пікірлірен білу – рефлексия.
Әр топ оқушылар өздеріне тиісті берілген тапсырмалар бойынша білгенін,түсінгенін әңгімелеп береді.
1 оқушы тақтаға шығып кітап көрмесіне қысқаша шолу жасап береді.

*Бағалау.

* Үй тапсырмасы: 112-114б. Өлгендер қайтып келмейді мәтіннің 2 бөлімін оқып, орыс тіліне
аударып келу.Әңгіменің үзіндісі бойынша қойылым көрсетуге дайындалып
келу.
С А Б А Қ № 33

Тақырып: Жылдық бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың білімдерін пысықтау,жинақтау,жүйелеу

2.Дамытушылық: оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тереңдігін тексеру,әдеби тілдік қорды қолданып,сөйлеу мәдениетін дамыту,өз ойларын жеткізуге дағдыландыру

3.Тәрбиелік: қазақ халқының әдебинті мен мәдениетін құрметтеу сөз құдретін түсінуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін тексеру,бақылау сабағы

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: шығармашылық жұмыс, сұрақ жауап, тест сұрақтарымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілік құралдары: өткен тақырыптар бойынша ақын жазушылардың шығармалырының көрмесі, суреттері,деректер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру,орындарына отырғызу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3. Жартыжылдық бақылау жұмысының жүргізу жүйесі:

а) жазба жұмысы – мына тақырыпқа эссе жазу Өткен тақырыптардың ішіндегі маған ең
қаттты ұнағаны, менің көңіліме әсер еткен тақырып

Тестік тапсырмалар
( ашық – жабық тест)

1. Лиро-эпостық жырлар дегеніміз не?

2. Ж. Баласағұнның Құдатғу білік дастаны неше тараудан тұрады?
а) 45
б) 85
в) 105

3. А.Йгүнекидың ең үлгілі шығармасы (кітабы) қалай аталады?
а) Құтты білік
б) Ізгілік туралы
в) Ақиқат сый

4. Абайдың Он жетінші сөзінде кімдер арасында айтыс өткені жазылған?
а) бас,қол,тіл
б) ақыл,қайрат,жүрек
в) ой, пікір, сөз

5. Жамбылдың пірі кім болған?
а) Қабанбай
б) Төле би
в) Сүйінбай

6. Мақалды аяқтаңдар
Жүзден жүйрік, мыңнан … шығады.
а) әдемі
б) тұлпар
в) артық

7. Жігіттің,ер-азаматтың қадір-қасиет туралы мақалдар жазыңдар.

8. Пірім деген сөздің мағынасын қалай түсінесің өз ойыңды айт.

9. С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романдарын ата:

10. Ш. Құдайбердиевтың қай өлеңі Абайдың Жазғытұрым деген өлеңімен ұйқас?

11. Борыш деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

12. Борыш туралы Ш. Құдайбердиевтың өлеңінің аты қалай?
а) Менің борышым
б) Азаматтық борышым
в) Адамдық борышым

13. Мына даналық сөздерді кім айтқан?
Ел қадірін ел баққан
Ерлер білер деген сөз
Зер қадірін зер баққан
Зергер білер деген сөз

а) Ш.Құдайбердіұлы
б) Абай
в) Жамбыл

14. С.Торайғыров қай оьылыста туған?
а) Қызылорда облысында
б) Оңтүстік Қазақстан облысынды
в) Павлодар облысында

15. Ш. Құдайбердіұлы 1858ж. қай айында туған?
а) тамызда
б) қаңтада
в) шілдеде

С А Б А Қ № 34

Тақырып: Өлгендер қайтып келмейді.Тест.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылғытуралы оқушылардың білімдерін пысықтай отырып, олардың білімдерін бақылау,әңгімені талдау.

2.Дамытушылық: оқушылардың қисынды ойлау,ауызекі сөйлеу, өз ойларын толық,еркін айту дағдыларын тапсырма,жарыстар,көркем қойылым арқылы кеңейту.

3.Тәрбиелік: мейрімділікке, адамгершілік патриотизм қасиеттерін арттыру, сөз өнері,көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: оқушылардың білімдерін пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу,пікіралысу,көркемдік қоылым
Сабақтың көрнекілік құралдары: жазушының суреті,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушылардың сабаққа даярлығын бақылау,
кезекшілермен әңгімелесу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ұжымдық жұмыс – 117б. сұрақтар бойынша әңгімелесу.

2. Сендердің өмірлеріңде осыған ұқса оқиға болды ма? леген тақырып бойынша пікір
алысу.

3. Мәтінді рөлге бөліп оқу.

4. Мәтіннің 2-ші бөлімінен үзінді бойынша көркем қойылымды көріп тамашалау.

3. Сабақ қорытындысы. Мұғалімнің сөзі.

Тест сұрақтары
(ашық тест)

1. Өлгендер қайтып келмейді деген роман үзіндісінің бас кейіпкерлерін ата.

2. Романның 1 бөлімінде не туралы айтылған?

3. Романның 2 бөлімінде не туралы айтылған?

4. Шығармада қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері туралы айтылады?

5. Жеңге деген сөзді қалай түсінесің?

6. Сүйінші деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

7. Б.Соқпақпаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы не білесің?


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.