Алматыда таудан жалғыз қайтпақ болған турист адасып кетті — новости Казахстана
Алматыдағы Қимасар аңғарында лагерьден өздігінше қайтпақ болған азамат адасып кетті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының ШЖҚ «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жас жігіт тауға демалу үшін өз достарымен шыққан. Олар тауда түнелтіп қалуды жөн көріпті.
Алайда, кеш қарая олардың біреуі үйге өздігінше қайтып кетпек болып, адасып кеткен.
Бұл туралы жас жігіт өз досына айтыпты. Ал жолдасы құтқарушыларға жігіттің қай жақта тұрғанын жеткізген екен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар туристі аталған орыннан таппай қалған. Артынша оның шибөрілердің көзіне түспес үшін басқа мекен-жайға кетіп қалғаны белгілі болыпты.
Құтқарушылар туристке таудан түсуге көмектесті.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz