Алматыда су арзандайды — Ел жаңалықтары
«Алматы Су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өкілдері 2019 жылдан бастап суық су 10 пайызға арзандайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«1 қаңтардан бастап тарифтер өзгереді. Біз бұл туралы монополияға қарсы агенттіктегілермен келістік. Судың бағасы 1 000 литріне 55,56 теңге болатын, енді шамамен 50 теңге болады. Кәріз жүйесі 28,8 теңге болса, алдағы уақытта 25,7 теңге болады. 1 қаңтардан бастап», — деді «Алматы Су» кәсіпорнының ресми өкілі Серік Шағыров.
Бас директордың орынбасары Нұриддин Жарболов тарифтердің 10 пайызға дейін төмендейтінін нақтылады.