Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0

2018 жылғы 4 желтоқсан 16:24 161

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады.