Алматыда саңырау-мылқау етікші есірткімен ұсталды

0
217
Advertisement

Алматыда құлағы нашар еститін мылқау етікші шеберханада есірткі сақтаған. Бұл туралы KzNews.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы жергілікті тұрғындар “Орбита” шағынауданының учаскелік инспекторларына хабарлады. Хабарлама дереу тексеріліп, расталды.

– Бостандық ауданының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары полиция көмекшілерімен бірге етікшіні ірі көлемдегі есірткімен ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті етікші болып жұмыс істейді. Есірткі заты – гашиш оның жұмыс орнынан, аяқ киімнен табылды.

Ұсталған адам саңырау және мылқау, сондықтан оны ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне есірткіні қайдан алғанын және оны қандай мақсатта өзімен бірге сақтағанын түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша жүзеге асырылады , – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз