Алматыда қызын еркектерге сатқан ананың ісі сотқа түсті
Алматыда 13 жастағы қызына аяушылық көрсетпеген ананың ісі сотқа жетті. Қорғаушы жақ әйелге қатаң жаза сұрап отыр.
Адвокат Инна Лесничконың айтуынша, алматылық әйел “Адам денсаулығына зиян келтіру”, “Кәмілетке толмаған адам денсаулығына қасақана зиян келтіру”, “Ата-ана міндетін дұрыс орындамау” баптары бойынша сотта жауап береді, деп хабарлайды stan.kz, Евразия арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Қоғам белсендісі Дина Смаилованың айтуынша, істің сотқа жетуіне қоғамда талқылануы себеп болды. Ол бұған қатысты бей-жай қарамаған барша жанға алғыс айтады.
“Ол қатаң жазаланады деп сенем. Жазасы 5 жылдан 10 жылға дейін болуы керек”, – дейді Смаилова.
Тергеушілер ананың бірнеше жыл бойы қызына қорлық көрсеткенін анықтады. Қызын балғамен ұрып, үйде қамап ұстаған. Қызының зәбір көргені сонша – пластикалық отаға мұқтаж.
Бұған дейін 13 жасар қызға анасының жәбір көрсетіп, ер адамдармен сексуалды қатынасқа салғанын жазған едік.
Қазір жеткіншек асырап алған отбасымен тұрып жатыр. Оның мұрны, қолы мен ерні, тісі сынған. Құлағының жартысы жоқ.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/