Палестиналықтар гуманитарлық көмектен айырылды

0

Астана. 15 қаңтар. KAZISLAM – Әлемдік азық-түлік бағдарламасы (WFP) Газа секторы мен Батыс жағалаудағы палестиналықтарға берілетін гуманитарлық көмекті тоқтатты. Бұл жағдай қаржының жетіспеуінен туындаған, деп жазады Ansar.ru.

Палестина террориториясындағы ұйым директоры Стивен Кирни 1 қаңтардан бастап Батыс жағалауда тұратын 27 мың палестина азаматы БҰҰ бағдарламасы аясында тиесілі гуманитарлық көмектерін ала алмайтынын хабарлады. 165 мың палестиналық, оның ішінде Газадағы 110 мың тұрғын тиесілі көмектің 80%-ын ғана алады. Гуманитарлық көмек соңғы төрт жылда әлем елдерінен, оның ішінде Құрама штаттан да қаржылай көмек берілмеуіне байланысты қысқарған. 2018 жылы Әлемдік азық-түлік бағдарламасы Газадағы 250 мың және Батыс Жағалаудағы 110 мың тұрғынға көмек көрсеткен.








Дереккөз: http://kazislam.kz/