Алматыда қызды алып қашу дерегі: Полиция тергеу бастады (видео)

0
Алматы полиция департаменті қызды ұрлау дерегі бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. 

Полиция мәліметіне сәйкес, А. есімді қыз арыз жазған.

“Аталған дерек тіркелді және тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар қызға алғашқы іс жүргізуде «көлікке өз еркімен отырғанын, ауылдастарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, ішкі істер органдарын неліктен адастырғаны» туралы сұрақ қойылды. Ол достарына сенгендігін айтты. Оқиғаға қатысушылар анықталды, олардың әрқайсысының әрекетіне түбегейлі баға берілетін болады», – деді Алмалы ауданы ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Қыздың сөзінше, бастапқыда алып қашқан ер адам үйіне апарып тастау керек болған. Алайда ер адамдар бұл уәделерін орындамаған.

«Мен оларға сендім, көлікке отырдым, олар мені үйге апарып тастауы керек еді, бірақ олар қайтадан басқа бағытқа бұрылды. Осыдан кейін оның ата-анасынан мені үйге қайтарсын деген қоңыраулар түсе бастады. Мені тұратын мекенжайым бойынша үйіме әкелді. Жалпы, мен арыз жазғым келмеді, мен тек олардан: «Мені жайыма қалдырыңдар, мен сендерге тиіспеймін» дедім» – деді қыз.

Айта кетейік, бұған дейін Әлеуметтік желіде көлік жүргізушісінің Hyundai көлігін тоқтатып, қызды шығаруын талап еткен видео тараған еді. Видео авторының сөзінше, қызды көлікке күштеп отырғызған. Кейін видеодағы қыз өзін алдап, екінші рет алып қашқанын мәлімдеді.