Арон Атабектің қызы елден көмек сұрады

0
124

Былтыр күзде қамаудан босап шыққаннан кейін екі айдан соң көз жұмған диссидент, ақын Арон Атабектің қызы Алма Нұтышева әкесінің зиратын көтеру үшін елден жылу жинап жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

«Қыркүйекте менің әкем Арон Атабектің зиратында жұмыс басталады. Өкінішке қарай, кәсіпкерлердің ешқайсысы көмек берген жоқ. Жұмысты өз күшімізбен бастаймыз. Қазір бәрі қымбат екенін білесіздер. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Әкемнің жылына дейін барлық жұмысын толық істеуіміз керек»,—дейді ол.