Алматыда жабылып қыз зорлаған экс-прокурор мен банк қызметкері сотталды

0

Алматы қаласында топтық зорлау ісінде күдікті болған экс-прокурор мен банктің бұрынғы топ-менеджеріне үкім шықты, деп хабарлайды DalaInform.

Қылмыстық іс Бостандық сотында қаралды.

Қылмыс 2019 жылдың қараша айында жасалған. Қыз баланы таныс жігіті (екінші деңгейлі банк қызметкері) жалғыз өзіміз боламыз деп үйіне шақырады. Алайда қыз келген кезде пәтерде ішімдік ішкен адамдар да отырады.

Қонақтар қызды әбден қорлап, ақырында топ менеджер мен экс-прокурор қосылып зорлайды.

Іс сотқа екі бап бойынша жіберілді: 120-бап «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша зорлау», сондай-ақ 121-бап «Адамдар тобының сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері».

Сот қылмыскерлерді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Сондай-ақ, олар жәбірленушіге 3 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндетті.