Қоғам белсендісі: Алексей Кондрат сияқтылар біздің спортымызды тек артқа сүйрейді

0

Қоғам белсендісі Едіге Ахмет ұлттық спортқа қатысты өз пікірін білдірді.

«Үлкен спортта мақтабастар бар екенің білеміз. Мақтабастардың арсыздығы жайлы біліпте, айтыпта жүрміз. Соның біреуі, күні кеше бүкіл Қазақстанның Жеңіл Атлетиканың вице-президенті Алексей Кондрат.

Бұл кісі, 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін Жеңіл Атлетиканы басқарып жүрді. Алексей Кондраттың парақшасын көріп шықсаңыз бұл спорт түрінің неге артта қалғаның аңғаруға болады. Құдды бір ресей жаттықтырушысының парақшасы сияқты. Ресей үшін бүйрегі бұрып тұр, олардың спортсмендері үшін жаны ашып, қолдау сөздерің аямайды екен.

Алексей Кондрат сияқтылар, біздің спортымызды тек артқа сүйрейді. Осындай «функционерлер» ұлттық спортымыздың дамуына нені береді? Допингпен ұсталған ресей қандай үлгі? Қазіргі кезде, бізге заманға сай тренерлер, жаңа мамандар, білікті жаттықтырушылар, жаңа инновация әкеле алатын кәсіби адамдар керек. Ал, Алексей Кондрат сияқтылардан ксро-ның, ескіліктің улы газдың иісі мүңкіп тұр. Ескі тәсіл, әдістемелер біздің спортымызға қауіпті, жаңа буын спортсмендерге, ұлттық спортымызға тек кері әсерін тигізеді.

Одан кейін, мені мазалап отырғаны:

Неліктен бұл спорттық дисциплинада қазақтар аз? Оның себебін, өзіңіз де түсінген шығарсыз. Егер қазақ жастарының алдына мақсат қойылса, алынбайтын қамал жоқ, жете алмайтын жетістік, аса алмайтын асу жоқ!

Алексей Кондраттарды қанша асырасаңда, орманға қарап ұлиды дегені рас», — деп жазды ол өзінің желідегі парақшасында.