Алматыда полицейлер ұрланған 2 мың көлік айнасын иелеріне қайтарды

0

Алматыда ұрланған көлік бөлшектерін іздестіруге қатысты рейд жиі өтіп тұрады.

Алматыда құқық қорғаушылар соңғы төрт айда қолды болған екі мыңнан аса көлік айнасын иесіне қайтарған. Олардың айтуынша қалада 30 қылмыстық топ ұсталып, 300 күдіктінің ісі сотқа жіберіліпті. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратұа сілтеме жасап хабарлайды.

Аршын Кемелжан, тілші: — Жиырма бірінші ғасырдағы табысты кәсіптің бірі көліктің қосалқы бөлшектер саудасы. Мысалы, менің артымда тұрған көтерме және бөлшек сауда базарында күніне мыңдаған автокөлік бөлшектері сатылып, оларға техникалық қызмет те көрсетіледі. Сонымен қатар ұрланған автокөлік бөлшектері де осындай қара базарларда саудаға шығарылады.

Көлеңкелі кәсіпке құныққандардың іс-әрекетін бағамдау үшін базарды аралап көрдік. Ескі бөлшектер самсап тұр. Айтуларынша, барлығы шетелден келген. Біз ұсынған көліктің айнасы мен шамдарын бірі сатып аламыз десе, екіншісі ат тонын ала қашты.

— Алып келсем болады ғой?

– Болады.

— Фардың төртеуін қаншаға сатсам болады?

–Төртеуі 30 мың болады.

— А вы покупатете зеркала?

– Сейчас я ничего не беру. Денег нет, в продаже ничего нет.

Алматыда ұрланған көлік бөлшектерін іздестіруге қатысты рейд жиі өтіп тұрады. Нәтижесінде соңғы төрт айда екі мыңнан аса ұрланған көлік айнасы және 44 аккмулятор заңды иесіне қайтарылған. 30 қылмыстық топ құрықталып, 300 адамның ісі сотқа жіберіліпті.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: — Осы ұрланған әйнектер және аккмуляторларды сатып алған азаматтар да айқындалды. 14 ұрланған затты сататын азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың барлығы сотталған болатын.

Десек те көліктердің қосалқы бөлшектерін ұрлау тиылмай тұр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ұрылар көбінесе сұраныс бойынша жұмыс істейді екен. Көбінесе қымбат көліктердің айнасы қолды болады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбжанов, Радик Жакупов

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/