Алматыда перзентхана уақытша карантинге жабылды

0

Босанған әйел коронавирус жұқтырған адаммен байланысты болғанын жасырған. Бұл туралы белгілі болған соң қызметкерлер мен пациенттердің бәрі тексерілді

АЛМАТЫ, 28 сәуір — Sputnik. №2 перзентханада аяғы ауыр әйелде коронавирус анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласы тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«№2 перзентханаға түскен әйелде COVID-19 диагнозы расталды. Жүктіліктің 39-шы аптасы, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол бұл деректі бастапқыда жасырды», — деді департаментте.

Перзентхана қызметкерлері мен пациенттері тексерістен өткені хабарланып отыр. 

«Тексерістен соң диагноз расталмаған әйелдер өзге медицина мекемелеріне, кейбірі үйге карантинге жіберілді», — деді департаменттің баспасөз қызметі.

Мекемеде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. 

«Қазіргі уақытта жаңа пациенттерді қабылдау тоқтатылды. COVID-19-ға қайта тексеріс жүргізу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада. 

Сынама қорытындысы теріс болса, перзентхана жұмысын жалғастырады.



sputniknews.kz