Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мың адамнан асты

0

28 сəуір кешке тағы отыз жеті адамнан вирус табылды, елде дертке шалдыққандар саны 3 019 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Республикада тағы 37 адам індетке шалдықты, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«28 сəуір сағат 17:40-тағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 2, Алматы қаласында – 10, Ақмола облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 12, Қызылорда облысында – 3, Қарағанды облысында – 3″, – делінген хабарламада.

Осылайша елімізде коронавирус барлығы 3 019 адамда расталды. 754 пациент дертінен айықты, жиырма бес адам қайтыс болды.

  • Алматы – 919,
  • Нұр-Сұлтан – 601,
  • Қызылорда облысы – 186,
  • Шымкент – 176,
  • Қарағанды облысы – 139,
  • Атырау облысы – 128,
  • Батыс Қазақстан облысы – 126,
  • Түркістан облысы – 121,
  • Павлодар облысы – 120,
  • Жамбыл облысы – 108,
  • Алматы облысы – 113,
  • Ақмола облысы – 95,
  • Ақтөбе облысы – 65,
  • Қостанай облысы – 43,
  • Маңғыстау облысы – 32,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз