Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды

0

Алматыда тұрғын үйлердің бірінің пәтерінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты. Оқиға орнына келген полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын өз бақылауына алды»,- деп хабарлады ведомстовадан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас әйел мен екі баланың денесін іссапардан оралған күйеуі тапты деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ анасының балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсағаны айтылуда.