“Барлығың тесілген қызсыңдар”: Телебағдарлама барысында шу шықты

0

Халық арасында аса танымал «Бір болайық» телебағдарламасы тағы да дау-дамаймен өтті.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Кезекті эфирде қатысушылардың бірі бағдарламаға келетін қыздардың пәктігін сөз қылып, шу шығарды.

– Неге өздеріңді періште, пәк қылып көрсетесіңдер? Қайсың он екіде бір гүлің ашылмаған?! Осында отырғандардың біреуін де «қызсың» деп айта алмаймын. Табалдырық аттамаған шығарсыздар, бірақ пәк емессіңдер, – деп мәлімдеді қатысушы қыз.

Оған кей қатысушылар қарсы шыққанымен, көбі үндемеді.