Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті: оқиғаның мән-жайы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қайғыдан қан жұтқан отбасы баланың өлімін сары ауруға қарсы салынатын екпеден көріп отыр. Олар дәрігерлерді сотқа бермек

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар— Sputnik. Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті. Салмағы төрт келіден асып туған шақалақ алғашында аман-есен үйіне шығарылған. Алайда денесі сарғайып, құса берген соң анасы жедел жәрдеммен сәбиді перинаталды орталыққа жеткізді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол отбасындағы екінші бала болатын. Ата-анасы екінші сәбиін 10 жыл күткен. 9 қаңтар күні туған сәби осыдан төрт күн бұрын Алматыдағы перинаталды орталыққа жеткізілген. Алайда әкесі дәрігерлер баланың құжаты жоқ екенін айтып, бір жарым сағат бойы дәлізде күттіріп қойғанын айтады.

«№3 перзентханадағы перинаталды орталыққа әкелді. Біз баланың құжаттарын үйде ұмытып кетіппіз. Сондықтан мен оларды әкелгенше, бізді қабылдамады. Әйелім баланы ұстап дәлізде отырды. Тек сосын ғана ұлымды палатаға жатқызды. Бала ол кезде тоқтаусыз құсып жатқан», — дейді баланың әкесі Илья Рогозин.

Дәрігерлер шақалақтың «биллирубині көп, денесі сарғайған» деген диагноз қойған. Оны бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Бірақ дәрігерлер сәбиді ажал аузынан алып қала алмады.

Тағы оқыңыз: Туысы бетінен сүйген соң жаңа туған сәби шетінеп кетті

Қан жұтқан отбасы баласының өлімін сары ауруға қарсы салынатын екпеден көріп отыр.

«Баланың нақты неден көз жұмғаны гистологиялық зерттеу қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. Бірақ екпеден көз жұмды дегенге келіспейміз. Он күн ішінде комиссияның қорытындысын алып, құзырлы органдарға тапсырамыз. Перзентханадағы бала өлімі қала басшысының қатаң бақылауында», — деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.



sputniknews.kz