Алматыда Nur Otan партиясының қабылдауына бір топ адам баса-көктеп кірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы Nur Otan партиясының азаматтарды қабылдауы кезінде бірнеше адам ғимаратқа баса-көктеп кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Нұр Отан

Қала тұрғындарының проблемалы мәселелерін шешудің орнына партия мүшелеріне кеңседе тәртіп орнатуына тура келді.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіліп жатыр. Көргендей мына белсенді азаматтар бүгін келіп, қабылдауға кедергі жасады. Нақты сұрақтары жоқ» — деді Nur Otan партиясы филиалының төраға орынбасары Станислав Канкуров.

Қоғамдық қабылдауға алдын ала кезек алып, мәселелерін жеткізуді жоспарлаған қала тұрғындары да болған тәртіпсіздікке наразы.

«Менің түсінгенімше осы жерде айқай-шу көтеріп, елдің арасына наразылық туғызып, сенімсізділік туғызып, сондай үшін келген адамдар. Ішіме сыймай жүрген бір сұрағым бар еді. Сол сұрақпен келдім. Кезекке тұрып, жазылдым, оқып танысып сізге жауабын береміз деді», — деп наразылығын білдірді Нүрзия Қазыбекова.

Таң атпастан келген қала тұрғындары сұрақтарын қоя алмағанына ренжулі.

«Мына біреулер келді де кімдер бұлар түсінбеймін мен. Келді де барлығын бүлдіріп жатыр ғой. Таң атпастан келгенбіз әлі қабылдауға кіре алмай жатырмыз», — деді қала тұрғыны Омарбек Шәріпұлы.

Белгілі болғандай, наразы топты Әлнұр Ильяшев бастап келген. Ол жыл басында Nur Otan-дықтарды өз партиясын құруға кедергі келтірді деп айыптаған. Кейіннен даулы жағдай сотқа жетіп, сот шешім шығарған. Дүрлігіп жүргендер 1 жарым миллион теңгеден айыппұл арқалаған. Партия өкілдері бұл қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты. Олар жалған айыптағандары үшін партияның алдында кешірім сұрауы тиіс.

 

 

stan.kz