Алматыда Наурызбай аудандық сотының судьясы төрт жылға сотталып кетті

0

Судья тұрғын үй салынған жер учаскесін алып қою туралы азаматтық іске қатысты оң шешім шығару үшін пара алған деп танылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Алматыда Медеу ауданының соты Наурызбай аудандық сотының бұрынғы судьясы Бекет Батырхановты төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандарының мәліметінше, 2019 жылы судья 100 000 теңге және 1900 доллар параны қайтарған кезде қылмыс үстінде ұсталған. Ол бұл ақшаны бұған дейін сот шешімін қала тұрғынының пайдасына шығарып беру үшін алған.

Оқи отырыңыз: Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео 

Әкімдік әйелдің үйі мен жер телімін мемлекет мұқтаждығы – метрополитен құрылысын жүргізу үшін алып қойған. Ол өтемақы мөлшерімен келіспей, судьядан әкімдікті 97 миллион теңге төлеуге міндеттеуді сұраған.

Сот айыпталушыны төрт жылға түрмеге жіберді, ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.



sputniknews.kz