Алматыда медресе қызметкерімін деген алаяқ садақа жәшіктерін тонап кетті
35 жастағы ер адам өзін медресе қызметкерімін деп таныстырып, азық-түлік дүкендерінің садақаға жәшіктеріндегі қаражатты әкетіп отырған, бұл туралы NewTimes.kz жазды.
Тергеу амалдары ер адамның бұған дейін де осындай қылмыстары үшін сотталғандығын анықтады.
«Ол барлық жерде өзін медресе ұстазымын деп таныстырып отырған. Кей жерлерде ол жәшіктерді аша алған, ал кей дүкендерде ашып, ақшаны ала алмағандықтан, жәшігімен әкетіп отырған»,-дейді ПД басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Polisia.kz басылымының айтуынша алаяқ тек Алатау ауданында осыған ұқсас 3 қылмыс жасаған. Ал қала бойынша осындай он шақты оқиға тіркелген.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.