Алматыда көшкін кезінде қар астында қалған бір адамның денесі табылды
Алматыда көшкін кезінде қар астында қалған бір адамның денесі табылды.Ол Франциядан келген бір турист екен. Қар астында қалған адамның денесін кинологтар «Чарли» атты итімен тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқыс оқиға Тұйықсу жоғары таулы аймағындағы «Молодежный» шыңында болған. Шыңның биіктігі 4147 метр. Түс ауа екі адамның қар астында қалғаны туралы ақпарат тараған. Араға бірнеше сағат салып туристің біреуі табылды. Франция азаматы иығы мен жамбасынан жарақат алыпты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Әлібековтың айтуынша, тауға алты адам шыққан. Оның бесеуі Франция, ал біреуі Қазақстан азаматы. Олар беткейлерде сырғанап, көшкіннің жүруіне себеп болған. Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті 9-13 сәуір аралығында тауда көшкін қаупі артады деген хабарлама жіберген болатын.
(Фото ашық ақпарат көздерінен)