Алматыда коронавирустан қайтыс болған екінші адам туралы ақпарат шықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Науқастың жағдайы нашарлаған соң дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына қосқан, ол қант диабетімен ауырған

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Алматының денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған екінші адамға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, 1963 жылғы ер адам коронавирусқа шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған. Оны 29 наурызда «екі жақты полисегментарлы пневмония» диагнозымен ауруханаға жеткізген. Бірден коронавирусқа сынама алынды. Ал 1 сәуірде жағдайы нашарлағаннан кейін оны жасанды тыныс алу аппаратына қосуға шешім қабылданды.

«Алайда интенсивті терапияға қарамастан, оның жағдайы нашарлай берді. Себебі тыныс алу жетіспеуішілігі ғана емес, жүрек-қан тамыр мен бүйрек қызметінің жетіспеуішілігі де болған. Бұдан бөлек, науқас екінші дәрежедегі қант диабетімен ауырған», — дейді Әбілдаев.

Кеше, 10 сәуір күні сағат 18:00-де науқастың жүрегі тоқтап қалып, реанимациялық шаралар атқарылған. Бірақ сағат 18:30-да ер адам қайтыс болды. Онымен жақын қарым-қатынаста болған барлық адам провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Айта кетейік, қайтыс болған ер адам — «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Гасанов. Ол COVID-19 вирусымен күресуге үлес қосқан. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін таратқан.

Тағы оқыңыз: Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты

Осылайша, Алматыда коронавиурстан екінші адам қайтыс болып отыр. Қазақстанда бойынша көз жұмғандардың саны – 10. 

Соңғы мәліметтер бойынша республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 840 адамға жетті. 64 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz