Алматыда көп балалы аналарға автобуспен тегін жүруге рұқсат берілді

0
330
Сурет: https://pixabay.com/ru/users/corne-910846/

Қала әкімі желідегі парақшасында тағы кімдердің қоғамдық көлікте тегін жүре алатынын жазды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы адамдардың санатын кеңейтпекпіз.

Алматы мәслихатының депутаттары басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы алып жүретін адамдарға қаладағы қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы шешімімізді қолдады.

Бұл шешім «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданды.

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, шаһарда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50% жеңілдік беріледі. Ал «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.