Алматыда көлік жүргізушісі жол бойы ұятсыз видео көрсеткен

0

Алматыда көлік жүргізушісі көліктің артқы терезесінен видео көрсеткені үшін жауапқа тартылды. Бұл видео әлеуметтік желілерге тарап, пікір-талас туғызды.

Қалалық полиция бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов көлік иесінің ұсталғанын хабарлады.

«A550EUP мемлекеттік нөмірі бар автокөлік иесі монитор арқылы жол бойы ұятсыз видеоны көрсетті. Алматы полиция департаменті оқиғаны тексере бастады. Жүргізушіні анықтап, оны төрт тәулікке тұтқындады», – деді Әбдірахманов.

1980 жылы туған азамат “Техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ақаулар немесе көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған көлік құралын басқару” бабы бойынша жауапқа тартылды.

Азамат бес айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге немесе 34 доллар) мөлшерінде айыппұл салынды.