Алматыда кейуана қайтыс болған күтушісінің жанында бір апта жатқан: Марқұмның туыстары мән-жайды айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Біраз уақыт бұрын Алматыда кейуананың қайтыс болған күтушісінің жанында бір апта жатып қалып, артынша ауруханада көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты. Марқұмның туыстарының сөзінше, кейуанаға күтім көрсетіп жүрген әйел оның туған қызы екен. 

Алматыда кейуана қайтыс болған күтушісінің жанында бір апта жатқан: Марқұмның туыстары мән-жайды айтып берді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматыда орын алған қайғылы жағдайды естіген жұрт кейуананы күтушісіне тастап, алаңсыз жүрген балалары тасбауыр екен деп сөгуге кіріскен. Ақпарат құралдарында мәйіт иістеніп кеткен соң, оны көршілері сезіп, полицияға хабарлағаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда кейуанаға күтім көрсеткен оның туған қызы Әлия Сәлимова екен. Оның қазасын көршілері емес, өз балалары анықтаған көрінеді. 

62 жастағы Әлия Сәлимова 3 ай бұрын жаңа пәтер сатып алып, онда қарт анасымен бірге тұрған. Балалары үйдің есігін сындырып кірген кезде кейуана төсекте жатқан екен. Ал Әлия Сәлимова өлі күйінде табылған. 

Айгүл мен Гүлназ оқиғадан екі күн бұрын ғана анасымен сөйлескенін айтады. Ол кезде Әлия Сәлимова денсаулығына шағымданбапты. Алайда ертесі күні онымен байланысқа шығу мүмкін болмапты. Сол кезде анасы мен ауырып жатқан әжесіне алаңдаған балалары бір аптадан кейін емес, ертесі күні оларды іздеп барған.

«КШҚ мамандарынан есікті ашып беруін сұрадық. Алайда аша алмады. Содан кейін туыстарымыз полиция шақырып, артынша жедел жәрдем шақырды», — дейді марқұмдардың туысы.

Дәрігерлер Әлия Сәлимованың белгісіз жағдайда қайтыс болғанын растап отыр. Оның артынан анасы да о дүниеге аттанған. Қара жамылған отбасы көпшіліктен оқиғаның мән-жайын білмей жатып сөгуден аулақ болуын сұрайды. 

stan.kz