Алматыда індеттен сегізінші адам көз жұмды

Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Алматыда коронавирустан 1945 жылы туған азамат қайтыс болды, қалада қаза болғандардың саны 8 адамға жетті
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды.
Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, марқұм 1945 жылы туған.
Нұр-Сұлтанда коронавирустан Ресей азаматы қайтыс болды
Осылайша Қазақстанда коронавирус індетінен барлығы 24 адам қайтыс болды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 3,
- Алматы қаласы – 8,
- Шымкент қаласы – 4,
- Ақмола облысы – 4,
- Шығыс Қазақстан облысы – 1,
- Қарағанды облысы – 1,
- Қостанай облысы – 1,
- Павлодар облысы – 1,
- Түркістан облысы – 1.
Соңғы мәлімет бойынша вирусты 2334 адам жұқтырып, оның 568-і жазылып шықты.
sputniknews.kz