Алматыда ер адам жедел жәрдемнің алдынан жүгіріп шығып, көлікті басымен ұрды (видео)

0

Алматыда ер адам әдейілеп жедел жәрдем көлігінің астына түспек болды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жедел жәрдем көлігінің алдынан жүгіріп шыққан видеосы тарады. Аталған оқыс жағдай 26 қараша күні болған. Ер адамның осы әрекеті DVR камерасына түсіп қалды.

Видеодағы кадрлардан жедел жәрдем көлігінің Қазбек би көшесінің бойымен жүріп келе жатқанын көруге болады. Артынша жылдамдықты арттыра бастайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Амангелді көшесіне жақындай берген кезде көліктің алдынан ер адам жүгіріп шығады. Көлікті маңдайымен ұрып, жерге құлап түседі. Әзірге оқиғаның анық-қанығы белгісіз.