Алматыда ер адам «Эйфель» мұнарасынан секіріп өлмек болды

0
743

Алматыда ер адам «Эйфель» мұнарасынан секіріп өлмек болды. Биік мұнарадан секірмек болған жігітті құтқару үшін төмендегілер тент жайған. 44 жастағы жігіт тұрмыстың қиындығынан өзіне қол жұмсамақ болған. Алай да оны мұнараға жасырынып шыққан полиция құтқарып қалды. «Француз үйінің» күзетшісі жігітпен келіссөздер жүргізіп, сөзге айналдырып тұрған. Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмекші болған жігіттің әрекетін полицияға көшедегі адамдар хабарлаған.
«Буран-160» экипажының патрульшілері төменде тұрып, өтіп бара жатқандармен бірге секірмекші болған адам ойындағысын жүзеге асыратын болса деп тентті созды. Ыңғайлы сәтті күтіп, жоғары көтерілдім. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық, оның өз-өзіне қол жұмсауға бағытталған әрекеттеріне тосқауыл қойдық. Оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам қатты алкогольдік масаң күйде болды және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық полиция Басқармасына жеткізді», — деді Алматы қалалық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар Басқармасының қызметкері Талғат Сейілбаев.
Ер адамның 1977 жылы туғаны, нақты тұрғылықты жері жоқ М.есімді азамат екені анықталды. Есін жиған соң ол, тәртіп сақшыларына өз өміріндегі қиындықтардан соң осындай қадамға баруға шешім қабылдағанын айтқан.