Томирис Байсафаның өліміне қатысты істе ақтау үкімінің күші жойылды

0

Мәскеу қалалық соты Дағыстаннан келген бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің ұлы Мұхтар Меджидов Муртузалидің ақтау үкімінің күшін жойды, енді ММХҚИ студентін өлтіру ісі қайта қаралады. Бұл туралы оның адвокаты Шамиль Яндарбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үкімнің күші жойылды, бұл шешімнің негізі бізге әлі белгісіз, іс Мәскеудің Никулин сотына жаңадан қарауға жіберілді», — деді агенттікке сұхбат берген адвокат.

Айта кетейік, ақталғанға дейін Муртузали Меджидов қамауда болған, ол сот шешімі шыққан күні босатылған. Әзірше бұлтартпау шарасын қайта таңдау мәселесі шешілген жоқ, деп атап өтті адвокат.

Осы жазда Мәскеудің Никулин сотында қазылар алқасы ер адамды қыздың өліміне кінәлі емес деп танып, олардың үкімінің негізінде сот ақтау үкімін шығарған еді. Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысты, бірақ сот олардың азаматтық талабын қабылдамады.

Муртузали Меджидов — атақты дағыстандық саяси қайраткер және бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.

Еске салайық, 2018 жылғы 13 сәуірде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде ЖОО-ның төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Қыздың бірнеше дене мүшесі сынып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды. Қызды өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Муртузали Меджидовтың ұлы ұсталған.