Алматыда ер адам бөтен үйге кіріп, 11 жастағы қызды зорлаған

0

Алматыда мас ер адам күндіз бір бейтаныс адамдардың үйіне кіріп, 11 жастағы қызды зорлаған. Қыздың анасы, әпкесі сабақта болыпты. Ал екінші ауысымда оқитын кіші қызы үйде жалғыз қалған. Ер адам үйге кіріп, киімін шешіп, қызды тұншықтырып, зорлық көрсеткен. Ол оқиға болғаннан кейін қызға анасын өлтіремін деп қорқытып, ешкімге айтпауды талап еткен.

Әйелдің айтуынша, ол бұл ер адамды танымайды. Олар уақытша баспанаға екі апта бұрын көшіп келген. Әйел ажырасқан және екі қызымен бірге тұрады.

 Ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оның бөтен үйге есіктің ашық тұрғанын пайдаланып кіргені анықталды. Қыз үйде жалғыз болғандықтан, қарсылық көрсете алмаған,- деп хабарлады полиция.