Жер астындағы жүйрік интернет: Кселл Қазақстанда тұңғыш рет метроға 5G қосты
Байланыс пен интернет жер астында да қолжетімді. «Кселл» Қазақстанда бірінші болып метрополитенде коммерциялық 5G желісін іске қосты. Қазіргі уақытта желі «Райымбек батыр» станциясында қолжетімді, ал метроның басқа нүктелеріндебазалық станцияларды орнатуды компания кезең-кезеңмен жоспарлап отыр. Енді алматылықтар мен қала қонақтары әрдайым байланыста болып, жақындарымен хабарласа алады, сондай-ақ пойызды күтіп, жер астында желіден ажырамай, уақытын тиімді өткізе алады.
Алматылық метрополитендегі байланыс пен интернет тек 5G технологиясы бойынша ғана емес, сондай-ақ 4G және 3G стандарты арқылы да жұмыс істейді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жер астында да заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Кселл» мамандары «Жібек Жолы» станциясында барлық инсталляциялық жұмыстарды аяқтап жатыр, осылайшакезең-кезеңімен метроның 11 станциясында базалық станциялар орнатылатын болады.
«Қазіргі уақытта біз «Райымбек батыр» станциясына базалық станцияны орнаттық, бірақ жақын арада метроның басқа данүктелерінде байланыс пен интернет іске қосылады. Әрбір базалық станция негізгі оптикалық желіге қосылады, бұл жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Менің білуімше, болашақта Алматыда тағы 4 жаңа станцияның ашылуы жоспарланған, біз ол станцияларда да мобильді байланысты түрлі технологиялар бойынша іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, айта кету керек, «Кселл» Қазақстанда бірінші болып метроны 5G желісімен қамтамасыз еткен оператор болды», – деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда ашылған және бүгінгі күні тәулігіне «жерасты» пойыздары 100 мыңға дейін жолаушыны, ал жылына 25 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайды. Метро пайдаланушылары станцияға түскен сәтінен бастап жер бетіне шыққанға дейін байланыссыз болатын. «Кселл»-дің көмегімен бұл мәселе шешімін тапты деуге болады. Дегенмен 5G және басқа технологиялар бойынша байланыс әзірге тек «Кселл» мен active абоненттеріне және тек күту залында ғана қолжетімді, бірақ компания метро жолаушыларын туннельде де байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
«Жалпы, 5G технологиясы туралы айтар болсақ, бүгінгі таңда біз республика бойынша 20-ға жуық қалада жаңа буындағы 1000-нан астам базалық станцияны орнатып, жүздеген мың 5G қолдайтын гаджеті бар қазақстандықтарға осы технология арқылы байланыс пен интернетті пайдалануға мүмкіндік бердік. Біз жаңа байланыс технологиясының таралу аймағын кеңейтіп, базалық станцияларды орнатып жатырмыз, енді міне, метроға түсіп, осында 5G желісін іске қостық», – дейді «Кселл» АҚ 5G жобасының директоры Магомедгирей Катиев.
Айта кетейік, жаңа буындағы байланыстың қарқынды дамуы Қазақстандағы жалпы ұялы байланыс сапасына айтарлықтай әсер етті. «Кселл» мұны абоненттердің 3G және 4G технологияларынан 5G-ге белсенді түрде көшуімен байланыстырады.