Алматыда екі баланы зорлаған педофилге кастрация жасалады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда 2004 және 2007 жылы туған балаларды зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалынады, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

кастрация

Бұл істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарағандығы хабарланды.

«Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді баспасөз қызметі.

Педофилге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салсақ, Қазақстанда тұңғыш рет педофилдерге қарсы химиялық кастрация 2019 жылы қолданылған.

stan.kz