Алматыда екі автобус соқтығысты

Оқиға 2 ақпанда таңертең әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында, «Қазақфильм» киностудиясына қарама-қарсы жерде болған. №31 бағыттағы автобус №116 кішірек қоғамдық көліктің артқы жағынан соққан. Соққыдан №116 автобустың артқы әйнек сынған.
Куәгерлер түсіріп алған видеоға қарағанда, автобустар аялдамада соқтығысқан.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.